• 24 ноября, 2024 5:57 дп

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Автор:admin

Янв 11, 2024

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарыаймақтарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыстықмәслихат депутаттары  Д.Абіш, Ғ.Раймбеков, Б.Серманизов өңірге арнайы келген халыққалаулыларымен кездесіп, пікір алмасты.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттарыҚайратБалабиев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Қазыбек Иса және Нұрлан Әуесбаевпен кездесіп, облысты дамыту мәселелерін талқылады.

Депутаттар тұрғындарды қабылдау нәтижесітуралы ой қозғап, олар көтерген мәселелерге, өтініштерге тоқталды. Ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтікнысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қонжұмыстары бойынша ой бөлісті.

Дархан Сатыбалды облысты дамыту бағытындақолға алынған жобалар мен жоспарлардыбаяндады. Халық қалаулылары өңірде атқарылыпжатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ел мүддесін қорғау жолында бірлесе жұмыс атқарудыжалғастыра беретіндерін жеткізді.

Автор: admin