• 19 апреля, 2025 3:59 пп

Нашақорлықпен күресуге коммуналдық қызметкерлер тартылды

Автор:admin

Ноя 1, 2024

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы нашақорлық жарнамаларымен күресу үшін аудан әкімдіктері жанындағы коммуналдық мекемелердің (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран) мыңнан астам қызметкерлерін жұмылдырды. Бұдан кейін коммуналдық мекемелер қаланың тазалығын қамтамасыз ету және сақтаумен қатар, қоғамдық орындарда есірткіні сату және тарату сайттарының жарнамалары бар суреттерді құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы күн сайын жоюға міндетті болады. Бұл бастама есірткіні жарнамалаумен тиімді, мақсатты және тұрақты түрде күресуге мүмкіндік береді. Бүгін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ерікті жастардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды жұмысты бастадық және ол тұрақты түрде іске асырылатын болады. Біз барлық қала тұрғындарын және бей-жай қарамайтын адамдарды бізбен бірге болуға шақырамыз, бірге осы зұлымдықты жеңе аламыз! Нашақорлық – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр дерт. Содан да жастар саясатында есірткінің зияны туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге мін беріледі. Мемлекет басшысы осы орайда: «Мен синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Өкінішке қарай, адам психикасына әсер ететін заттар тез таралып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Оның ішінде балалар да бар. Бұл – біз білетін мәлімет қана. Осы ретте ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы күресті тиімді жүргізуін талап етемін. Біз бүкіл қоғам болып бұл кеселге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз», – деген еді. Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкентте есірткіге қарсы пәрменді күрес жүргізіліп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға айрықша маңыз беріледі. Бұл бағытта шаһардағы құқық қорғау заң органдарының қосатын үлесі қомақты екенін айтқан жөн. Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланысты. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздестіруде. Шымкент қаласында да соңғы жылдары нашақорлық, құқық бұзушылық және лудоманиямен күрес жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмаған жасөспірім мен жастар арасында «Түнгі рейд», «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», есірткі жарнамасының алдын алу мақсатында «STOP: Есірткіге жол жоқ!» акциясы, құмар ойындардың зияндығын насихаттау мақсатында «Құмар ойынға құмартпа», «Лудомания – қоғам дерті» тақырыптарында кездесулер мен семинар-тренингтер ұдайы ұйымдастырылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin