• 31 октября, 2024 5:24 пп

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына барды

Автор:admin

Фев 20, 2024

15-16 ақпанда ҚР ОСК Төрағасы НұрланӘбдіров жұмыс сапарымен Түркістаноблысына барды.

Ортсайлаукомның басшысы Отырарауданында болып, жас сайлаушыларменкездесу өткізіп, облыс пен ауданныңаумақтық сайлау комиссияларыныңжұмысын тексерді, сондай-ақ 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған шығыпқалғандардың орнына мәслихаттардепутаттарын сайлауын өткізуге дайындықбарысын тексерді.

Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман жәнеОрталық сайлау комиссиясы аппаратыныңжауапты қызметкерлері қатысты.

Сапардың бірінші күні Нұрлан Әбдіров Отырар ауданының жас сайлаушыларымен кездесті, оған 40 адам қатысты. ОСК Төрағасы өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылғы конституциялық реформа шеңберінде сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістерді атап өтіп, шығып қалғандардың орнына аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров комиссияны одан әрі дамытудың стратегиялық перспективаларына және оның пайым, миссия, құндылықтар, қағидаттар, мақсаттар, басымдықтар сияқты элементтерін айқындауға баса назар аудара отырып, «Біздің миссиямыз – азаматтардың еркін сайлау арқылы мемлекетті басқаруға қатысуына жәрдемдесу», — деп атап өтті.

Сонымен қатар Ортсайлаукомның басшысы ОСК-ның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындыларына тоқталды, оның шеңберінде «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға Түсініктеме, 2012-2023 жылдар аралығында өткізілген сайлау және референдумдар туралы ақпараттық жинақтың 2-томы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына — 30 жыл. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін трансформациялау» мемлекеттің сайлау жүйесін дамыту туралы монография жарияланды.

Өңір бойынша іссапар аясында осы басылымдардың даналары Отырар және Сауран аудандарының, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханаларына табысталды.

Содан кейін жас азаматтар сайлау саласының өзекті мәселелері бойынша дәстүрге айналған онлайн-сауалнамасына белсенді қатысты. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жастардың 91,2%-ы президенттікке кандидаттың міндетті түрде мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі болуы керек деп санайды, респонденттердің 64,7%-ы сот қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы болмауы керек деген пікір білдірді.

Респонденттердің көпшілігі (60,7%) сайлау учаскелерінде толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салу керек деп санайды, интернет-дауыс беру мәселелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы сайлаушылардың дауыстарын манипуляциялауға мүмкіндік береді, ал тағы 35,3%-ы электрондық дауыс беру жүйелеріне сенбейді, респонденттердің 79,4%-ы дәстүрлі қағаз бюллетеньді дауыс берудің ең сенімді әдісі деп санайды.

Кездесу барысында ауылдың жас тұрғыны Әбжаппар Жанболат пен жас та болса, танымал ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нұрғали Серғалиев түрлі ұсыныстармен сөз сөйледі. Кездесуге қатысқан Жасұлан Қысмұратов сайлау комиссиясының жас мүшесі екенін атап өтіп, сайлаушылар тізімін дайындау бойынша өз нақты ұсыныстарын енгізді.

Сол күні ОСК басшысы Отырар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, олардың шығып қалғандардың орнына аудандық мәслихатқа сайлау өткізуге дайындығын тексерді. Нұрлан Әбдіров АСК жұмысымен танысып, жақында жұмысқа кіріскен комиссиялар мүшелерінің назарын кәсібилік пен жауапкершілікке аударды.

Содан кейін Отырар ауданының Маяқұм кентінде №7 аудандық сайлау комиссиясының жаңа құрамының жұмысымен танысты. Мұнда шығып қалғандардың орнына аудандық мәслихатқа сайлауды өткізуге дайындық тексерілді.

Сол күні Түркістан қаласында Нұрлан Әбдіров облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді.

Сапардың екінші күні ОСК басшысының облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, ҮЕҰ және саяси партиялардың өкілдерімен кездесуінен басталды. Іс-шара Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өтті, оған 80 адам қатысты. Барлық қатысушылар сайлаутақырыбы бойынша белсенді пікірталасөткізді.

Жастар тарапынан қызықты пікірлер айтылып, түрлі сұрақтар қойылды. «Respublica» партиясының өкілі Биназар Бейбіт 2022 жылғы конституциялық реформа шеңберінде мүмкін болған жастар, әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін 30% квота енгізудің, сондай-ақ бюллетеньде «барлығына қарсы» тармағының пайда болуының маңыздылығын атап өтті. Ол сайланған мәслихаттар депутаттары мен әкімдер сайланғаннан кейін қысқа мерзімде өз лауазымдарынан босатқан жағдайда оларға жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Айбек Молдасапаров кейбір жағдайларда білім беру ұйымдарында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелері педагог болып табылатынын және олардың тарапынан бұзушылықтарға жол беріледі деген қоғамдағы пікірмен келіспейтінін айтты. Ол мұндай комиссияларда 1-2 мүше ғана педагог болатынын, ал комиссияның қалған мүшелері басқа қызмет салаларынан екенін атап өтті және барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары құрамының құқықтық және кәсіби деңгейін тұрақты негізде арттыруды ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті электораттық мәселелері бойынша онлайн-сауалнама сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Осылайша, қатысушылардың басым көпшілігі (79%) Президенттікке кандидаттың міндетті түрде мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі болуы керек деп санайды, респонденттердің жартысына жуығы (47,9%) сот қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы болмауы керек деген пікірді қолдайды.

Респонденттердің көпшілігі (49,3%) сайлау учаскелерінде толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салуды жақтайды, интернет-дауыс беру мәселелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (49,3%) сайлаушылардың дауысын манипуляциялауға мүмкіндік береді, респонденттердің 46,5%-ы дәстүрлі бюллетеньді дауыс берудің ең сенімді әдісі деп санайды.

16 ақпанда Нұрлан Әбдіров облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына — барлығы 170 адамға арналған «ҚР сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» семинарына қатысты. Семинар барысында ҚР ОСК аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рыспеков және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы Дастан Дәулетияров қатысушыларды электораттық оқытуды дамыту негіздері және қазіргі сайлау жүйесіндегі аумақтық сайлау комиссияларының рөлімен таныстырды. Семинарға қатысушылар үшін практикалық кейстерге негізделген іс-шара ұйымдастырылды. Семинардың барлық қатысушылары өз сұрақтарына толық жауап алды.

Сол күні Нұрлан Әбдіров Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының АСК төрағаларымен жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға қатысқан АСК төрағалары алдағы 31 наурызда өтетін сайлау, сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелерін оқыту туралы баяндады. ОСК Төрағасы сайлау комиссиялары мүшелерінің назарын сайлауды заңнамаға сәйкес өткізу қажеттігіне аударды.

Сондай-ақ сапардың екінші күні Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Шорнақ ауылына барып, Сауран аудандық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді. Ауылға сапар барысында Орталық сайлау комиссиясының басшысы сайлау учаскесінде болып, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне және байқаушылардың жұмысы үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аударды.

Автор: admin