• 25 ноября, 2024 5:36 пп

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ПАРЛАМЕНТТІК-ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АЙТТЫ

Автор:admin

Ноя 17, 2022

Президенттікке кандидаттардың бірі – Нұрлан Әуесбаев елордалық сайлаушылармен кездесу барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Нұрлан Әуесбаевтің пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты міндет – саяси жүйе реформасы. Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуге тиіс. Яғни президент өкілеттігін қайта қарастыру қажет. Мемлекет басқарудағы басты рөл парламентке тиесілі болуға тиіс. Заң шығарушы бұл органды қайта жасақтау қажет.

«Бұл мақсаттағы алғашқы қадам Сенатты жоюмен айқындалады. Мәжілісті күшейту керек. Бұған қол жеткізу үшін кандидат Мәжіліс депутаттарының санын көбейтуді ұсынады. Сонымен бірге депутаттардың 50%-ы ғана партия тізімдері бойынша сайлануға тиіс. Халық қалаулыларының тең жартысы бір мандаттық округтерден, өзін-өзі сайлаушылардан құралуы қажет. Бұл парламентарийдің электорат алдындағы жауапкершілігін арттырады», деді ол.

Кезек күттірмейтін тағы бір өзекті мәселе – экономикаға тұсау болып отырған жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылысты жою үшін кандидат парақорларға қатысты жазаны барынша күшейтуді ұсынып отыр.

Автор: admin