• 21 ноября, 2024 9:52 пп

Ономастикалық атаулардың ерекшелігі

Автор:admin

Июн 9, 2022

Ономастикалық атаулар өңірдің ерекшеліктерін көрсетіп тұратын рухани құндылықтарының негізі факторы екені баршаға аян. Сондықтан ертеректе қойылған қазақи көне атаулардан сол аймақтың табиғи, физико-географиялық өзгешелітері мен басқа да қырларын аңғармау әсте мүмкін емес. Оған бабаларымыз атағанөзен-көлдер мен орман-тағайлардың, таулар мен қыраттардың,жайлаулар мен қыстаулардың атаулары дәлел. Өкінішке орай физикалык-географиялық нысандардың атаулары сақталғанымен ономастиканың қоғам үшін маңызды бөлшегі боп табылатын елді мекендер мен құрамдас бөлік атауларының біршамасы түрлі тарихи оқиғалар кесірінен өзгеріске ұшыраған болатын. Атауларды жаппай өзгерту мәселесі әсіресе Кеңес Үкіметінің әмірі үстем болып тұрған кезеңде белең алып, ертеден бері келе жатқан атауларымыздың көпшілігі өзге тілдердегі атаулармен алмастырылса (Ефремовка, Даниловка, Ольгинка, Башмачный, Белоусов,Ольхов, Тимирязев, Крупское, Октябрьское, Галицк, Благодатное, Петропавловка, Церковное, Сахновка), біршама атауларымыз тілдік нормасынан ауытқып, өзінің түпкі нұсқаларына ұқсамайтындай қалыпқа дейін өзгерген. Бұған аймағымыздағы Арбиген [Арбаиген], Урлютюб [Үрлітүп], Моялда [Мойылды] т.б. атаулар дәлел. Осындай этимологиялық ауытқуларға душар болған нысандардың мән-мағынасы жергілікті тұрғындарға да, өзге этнос өкілдеріне де беймілім күйде десек те болады. Сондықтан еліміз егемен ел аталғаннан бері өңір-өңірлерде елді мекендерге тарихи атауларын қайтару, көшелер мен даңғылдарды ұлттық нақыштағы атаулармен қайта атау жұмыстары қолға алынды. Себебі бұл біріншіден жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, рухани дамуына ерекше әсер ететін дүние болса, екіншіден тіліміздің шұбарланбай таза қалыпында сақталуынасептігін тигізері сөзсіз. Осыған орай соңғы үш жыл ішінде ономастикалық атауларды өзгертуге жарияланған мораторий алынысымен Павлодар өңірінің азаматтары бірауыздық танытып, тарихи атаулардың қайтарылуына ден қойғандығы біршама жұмыстың басын қайыруға үлкен септігін тигізген еді. Көп жылдар бойғы көпшіліктің қалауын іске асыруға ең алдымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы тапсырмасы мен бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан идеологиялық тұрғыдан ескірген,қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы ҚР Президентінің2017 жылғы 28 ақпанда берген№ 17-388-5 тапсырмасы ықпал болды.

Jsk ақпарат

Автор: admin