• 25 ноября, 2024 2:59 пп

Отбасы тыныш болса, еліміз тыныш!

Автор:admin

Авг 17, 2024

Шымкент қаласында отбасылық жанжалдардың, тұрмыстық ұрыстардың санын азайту бағытанда атқарылып жатқан әлеуметтік жұмыстар саны аз емес. Отбасындағы зорлық- зомбылық бұл – жақын, ерлі-зайыпты, ата-ана мен бала арасындағы қатыгез, дөрекі қарым-қатынас. Бұл күнделікті жуылмаған ыдыс пен жиналмаған үй үшін болатын қарапайым ұрыс емес. Бұл деген себепсіз жанжал және бір сценарий бойынша күніне кем дегенде екі рет қайталанатын агрессия ұшқындары. Отбасылық зорлық – бұл тек қол жұмсап, ұру емес, сонымен бірге психологиялық қысым көрсету, қорлау. Оның негізінде шешілетін қандай да бір мәселе емес, серігін тұншықтыру, басу, бақылау тұр. Жәбірлеп, күш көрсететін жан үшін агрессия – өзінің басшы екенін көрсету. Сондықтан ондай жанға қалай тырыссаңыз да жағу, көңілінен шығу мүмкін емес. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тек әйелдер ғана емес еркектер де, балалар, сондай-ақ жасы келген ата-аналар да ұшырап жатады. Бірақ зорлықтың ең көбі әйелдерге жасалады екен. Елімізде соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмған, дейді статистика мамандары. Мемлекет тек отбасылық қарым-қатынасқа тек жәбірленген жанның басына қауіп төніп немесе бірнеше қайтара құзырлы органдарға шағым түсіргенде ғана араласа алады. Соншама адамның үйдегі зорлық-зомбылықтан көз жұмғаны алаңдатарлық жағдай. Бізде әлі де көбіне «отбасын сақтап қалайын, ұят болады» деген түсінік қалмаған. Сондықтан да көп жағдайға шыдамдылық танытып төзіп жүре береді. Зорлық-зомбылықты ұрыс-керістен қалай ажыратуға болады? Зорлық-зомбылық пен ұрыс-керісті ажырату оңай емес. Дегенмен агрессия кезеңімен қайталанып отырады, артынан бәрі қалпына келеді. Яғни алдымен шиеленіскен жағдайдың аяғы қол көтеріп, ұру, ауыр сөздермен аяқталады. Одан кейін ер-азамат істегеніне өкініп, жарын жақсы көретін, сүйетін жанға айналады. Біршама уақыттан кейін жағдай қайта қайталанады. Бірте-бірте ашудың соңы қол жұмсаумен аяқталатын жағдайлар жиілеп, татуласатын, істеген ісіне өкінетін кездер азая бастайды. Бұл – зорлық-зомбылық көрінісі. Ал күнделікті ұрыс-керіс сол жерде айтылып, мәселе бірден шешіліп орнынакеледі.
Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin