• 19 сентября, 2024 4:16 пп

ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

Автор:admin

Сен 8, 2024

 

Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайында Отбасы күніне арналған «Отбасым — бақыт мекенім» атты іс-шара өтті.

Оқушылар сарайының алдыңғы ауласында
«Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафеталық сайыс ұйымдастырылса,
Оқушылар сарайының фойесінде
«Отбасы құндылықтары» атты балалар шығармашылығы көркемсурет және қолөнер көрмесі қойылды.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара кезінде ата-аналар қауымы Жолдаудағы айтылған мәселелер сөз болып, оның ішіндегі негізгі мәселе Қазақстанда АЭС салу туралы айтылды. Әрмен қарай, «Отбасы – өмір айнасы» атты сахналық көрініспен жалғасын тапты.

IT Center орталығы кабинетінде
«Біз заманауи отбасымыз» атты робототехника бойынша отбасылық байқау ұйымдастырылды.

«Отбасы күні» мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасының шаңырақтары биік, керегелері берік болсын!

Автор: admin