• 22 ноября, 2024 2:07 дп

Полицейлер Шымкент тұрғынына ұрланған телефонын тауып, қайтарды

Автор:admin

Сен 14, 2024

Қаратау ауданының полиция басқармасы бастығының атына қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Хатта азаматша анықтаушы полициясының аға лейтенанты Телғара Нұрсейітке ризашылығын білдірген. Ол полицияға ұлының ұялы телефоны ұрланғаны туралы арызданған. Жайт бойынша анықтаушы барлық қажетті жедел іс-шараларды жүргізіп, нәтижесінде телефон табылып, иесіне қайтарылған. «Ұлымның смартфоны аквапаркте демалып жүрген кезінде ұрланды. Бұл туралы полицияға хабарладым. Н.Телғара толыққанды тергеу жүргізіп, телефонды тауып, бізге қайтарды. Қаратау АПБ қызметкерлеріне алғысым шексіз», — делінген хатта. Бүгінде қауіпсіз қоғам қалыптастыру мақсатында полицияның сервистік модельге көшуі іске асырылуда. Полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуде. Жергілікті атқарушы органдар, басқа да құзырлы басқармалар мен жұмысшы топтар құрылып, соңғы жылдарда орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері мен орындары, апта күні және уақыттары бойынша саралау жұмыстары жүргізілуде. Қауіпті деп белгіленген учаскелер патрульдік нарядтармен күшейтілді. Сондай-ақ, жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жалпы, қазіргі ақпараттық технологияның дамуы бізге проблемалармен қатар, көптеген мүмкіндіктер сыйлауда. Бастысы – сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Жалпы, қандай мамандық болмасын өзіндік жауапкершіліктері болады. Соның ішінде полиция қызметкері болсаңыз, кейде өзіңнен бұрын өзгенің амандығы үшін басыңды қауіпке тігуге тура келеді. Дегенмен, мұндай екен деп тәртіп сақшысы болудан қашудың да реті жоқ. Бастысы – әркімнің таңдауы жүрек қалауы болғаны дұрыс. Қандай қызметке болмасын, «ішсем, жесем, жымқырсам» деп емес, «елге пайдам тисе екен» деп барған жөн. Қызметтері халықтың сеніміне селкеу түсірмей, ел қорғанына айналуға бағытталған полиция қызметкерлерінің мойнына артылар жүк қай уақытта, қай кезеңде болмасын ауыр екені көпке аян. Осындай абыройлы һәм міндеті зор қызметті арқалаған қызметкерлерге кенде емес. Осы ретте полиця қызметкерлері ел басшысының жарлықтарына, министрліктің бұйрықтары мен тиісті құжаттарына сәйкес жалпы қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табандылықпен жүргізіп келеді. Ендеше, халық сенімінің айнасына айналып, бейбіт күннің батырлары атанған полиция қызметкерлерінің еңбектері жанып, игі істері еселене түссін.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin