• 26 ноября, 2024 12:27 пп

Полиция қызметкерлері — кір жуғыш ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цехты дер кезінде анықтады

Автор:admin

Апр 3, 2024

Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы сымбаты да назарға алынған. Бізде полиция қызметкерінің жағымды имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыс атқарылуда. Бұған қоса, кезекті өтетін аттестация бар. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер ғана, халыққа қызмет етеді деген сөз. Әмбебап полицей кейде педагогтың да рөліне еніп кететін жағдайлар болады. Полиция қылмытың алдын-алып, заңның орындалуына жауапты мамандық иесі. Сонымен қатар контрабандалық әрекеттерді жедел әрі жүйелі түрде жүзеге асырып, қылмытың бетін ашып, оны болдыртпау шараларын жүзеге асыратын құқықтық қорғау органы болып табылады. Осы орайда Шымкент қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан контрофактілі өнімді дайындау бойынша жасырын цехтың қызметіне тосқауыл қойды. Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған. Полиция тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin