• 26 ноября, 2024 1:34 пп

Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кез-келген азамат айыппұл арқалайды

Автор:admin

Апр 2, 2024

Президентіміз өз Жолдауында «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау туралы тапсырма беріліп, көптеген міндеттер жүктелді. Бұл – осы саланың қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтіп отыр. Үлгілі полиция қызметкері қандай болуы тиіс? Күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайтын полиция қызметкерінің бейнесі қандай? Полицейлердің қызметіне ғана емес, түр-тұлғасына да сын жиі айтылып жүр. Бұған тәртіп сақшыларының өзі не дейді? Жергілікті тұрғындардың бұл жайлы пікірі қандай? Осы сынды сұраққа мақаламызда жауап іздеп көрдік. Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Десек те, полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қарауды қажет етеді. Бізге ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Қазақстан – адам санына шаққандағы полиция қызметкерлері саны жағынан әлем бойынша алтыншы орында тұрған мемлекет. Оған мысал – «Forbes» журналының зерттеуінде келтірілген деректер. Қазіргі кезде Қазақстандағы күштік құрылым қызметкерлерінің саны қайтадан кеңес заманындағы көрсеткіштерге жеткен екен. Мәселен,100 мың адамға шағар болсақ, елімізде 32,2 прокурор, 12,8 судья, 608,8 полиция қызметкері, 488,2 әскери қызметкер, 35,3 кеденші, 52,1 салық жинаушы, 19,9 қаржы полициясының қызметкері бар. Ал, кеңес заманында 100 мың адамға шаққанда 28,7 прокурор, 3,7 мың судья, 222,6 милиция қызметкері, 1111,8 әскери қызметкер, 18,8 кеденші, 24,7 салық жинаушы, 4 БХСС қызметкері болған екен. Байқағанымыздай кеңес заманынан бері тек әскерилер мен судьялардың саны ғана азайған. Мысалы үшін қаламыздағы бір жайыт тоқталайық Ә. деген азамат көлік құралын басқарып бара жатып, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері Д.Қонаев даңғылы мен Төле би көшесін патрульдеу кезінде, полиция қызметкерлері қызметтік көлік құралының арнайы дауыс күшейткіш құралымен көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған. Сот отырысында Ә. хаттамамен келісетіні, өкініш білдіретіні туралы түсініктеме берді. Нәтижесінде Ә. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 103 376 (бір жүз үш мың үш жүз жетпіс алты) теңге айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды. Қаулы заңды күшіне енген. Міне, полиция қызметкерлерінің ескертпесіне бағынбаса, заңды бұзғңан әрбір тұрғын айыппұл арқалауы мүмкін.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin