• 20 сентября, 2024 3:01 дп

«Рақмет, Қазақстан»: Шымкентте полицейлер Өзбекстандық отбасыға көмектесті

Адам құқы мен бостандығы – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылығы, азаматтық қоғамның дамуымен қатар оның маңыздылығы арта түседі. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында мемлекеттік стратегияның басты мақсаты: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Елдің негізгі заңы бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады. Олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Егжей-тегжейлі айтар болсақ, Қазақстан Конституциясының 30 бабы азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды айқындайтын һәм қорғайтын адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған. Конституциялық парадигма — экономикалық өсу, ұлттық әл-ауқатты дамыту және елдегі құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдайтын стратегиялық шешімдердің іргетасы. Институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізу кезінде осы құндылықтарды бағдарға аламыз. Елдің Конституцияға негізделген стратегиялық құжаттары мемлекетіміздің ұзақмерзімді даму бағытын анықтайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия, Конституциялық сот және адам құқықтары жөніндегі уәкіл сияқты конституциялық реформа нәтижесінде қайта форматталған институттар пайда болып, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі құрылды. Осы орайда Шымкенттік полицейлер Өзбекстандық отбасыға көмектесті.

-Көлігіміз жол үстінде бұзылып қалды. Ешкім тоқтаған жоқ. Тек полицейлер көмекке келді, — дейді отағасы. Ол жұбайымен және 5 ұл-қызымен Алматыда қонақта болып, Шымкент қаласы арқылы еліне қайтып бара жатқан. Жолда отбасылық автокөлік істен шыққан. Қиын жағдайға тап болғандарды көшелерді патрульдеп жүрген экипаж байқап, бірден көмекке асықты.
Инспекторлар Ғабит Абдрахман мен Бақберген Жазықбай бұзылған көлік құралын жөндеу орталығына жеткізіп, қажетті қосалқы бөлшектерді тауып, алып берген.

-Көп-көп рақмет, Қазақстан! Балаларымызбен ыстықта жолда қалдық. Шымкент полицейлері бізге көмектесті. Үлкен алғыс, жұмыстарыңызға сәттілік! — , деп ризашылығын білдірді көрші елдің азаматтары.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin