• 2 августа, 2025 11:24 пп

Сайлаудың біз білмейтін жеті тұсы …

Автор:admin

Июл 8, 2025

Қазақстанның 18 жастан асқан азаматы бақылаушы атанып, сайлау мониторингіне қатысуға толық құқығы бар. Мемлекет ішінде немесе шетелде тұрып жатқан ҚР азаматтары да бақылаушы бола алады. Шетелде сайлауды сол елдердегі елшілік немесе өкілдіктерінде бақылай алады. №2. Бақылаушы қалай тіркеледі? Бақылаушы саяси партиялардан немесе аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардың атынан тіркеледі.  Белгілі бір саяси көзқарастары бар, белгілі бір кандидатты немесе партияны қолдайтын адам сол кандидаттың немесе партияның штабынан бақылаушы бола алады. Ал тәуелсіз бақылаушы қоғамдық бірлестіктер не коммерциялық емес ұйымдарда бақылаушы ретінде тіркелу керек. Сайлау учаскесінің нөмірін таңдап, учаскеге алдын ала тіркеледі. №3. Сайлауда бақылаушы болу үшін қандай құжат қажет? Бақылаушы дайындық курсынан өтіп, бақылаушы куәлігін алады. Оның өкілеттіктері аты-жөні көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат бақылаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және бақылаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Сайлау күні құжаттар бақылаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға көрсетіледі. №4. Сайлауды бақылайтын ұйымдар қалай аккредиттеледі? Осыған дейін дауыс беру күні сайлау учаскесіне бақылаушы куәлігін көрсетсе жеткілікті еді. Сайлауға дейін бақылаушылар тіркелмейтін. Жаңартылған заңнамада қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар алдын ала Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өтуі керек. Аккредитация алу үшін ОСК-ға өтініш және сайлауда бақылау құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені ұсыну керек. Аккредиттеу өтініші 30 күн қаралады. Құжаттар толық ұсынылмаса, жарғыға сәйкес келмесе, ұйымның қызметі тоқтатыла тұрса не тоқтатылса ОСК аккредиттеуден бас тартады не күшін жояды. Аккредиттация бір жылға беріледі.    ОСК сайтында аккредиттелген және аккредиттеу тоқтатылған қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың тізімі жарияланады. №5. Бақылаушының қандай құқықтары бар? «Сайлау туралы» заңның 20-1-бабы, 2-тармағына сәйкес бақылаушылар: сайлау комиссиясының отырысына қатысуға; дауыс беруге, соның ішінде сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға; дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінде болуға; тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, тасымалдайтын көлік ішінде болуға; сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда бақылауға; тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға; сайлаушылар сайлау учаскесіне келе алмаса олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға; учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға; дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға; дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға; дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға; сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. №6. Бақылаушылардың міндеті қандай? Бақылаушылардың міндеттері: жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүру; сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпау; сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамау; сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындау; өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеу; Сайлау туралы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтау; алаламау, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеу; фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде ҚР заңдарында көзделген талаптарды сақтау.

 

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin