• 28 ноября, 2024 10:56 дп

Салық жүйесі өте күрделі жүйе.

Автор:admin

Июн 18, 2024

Мемлекетіміздің  әл – қуаты мен қауіпсіздік  саясатына арқау боларлық тұрақты  экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де,  мемлекетте арақайшылық болмайтын  қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя  білу керек. Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі  әлеуметтік – экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді. Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай  салықтар нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы, мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады. Жеке салықтар жеке адамдар  мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға  салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан  мүліктерге салынатын салық) салынады. Салық саясаты  мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық  жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған  іс-шарасы деп түсіндіріледі. Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып  табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік– экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар — ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігіше әсер етеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin