• 21 ноября, 2024 8:51 пп

Салық саясатының міндеттері қандай?

Автор:admin

Авг 16, 2024

ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.  Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді.  Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.  Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:  – мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;  – жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;  – нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).  Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға  мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin