• 21 сентября, 2024 11:04 дп

Салық  саясатының  ықпалы

Автор:admin

Июн 18, 2024

Республиканың жеке кәсіпкерлері екі жыл салық  салудың патенттік жүйесі жағдайында жұмыс істеді. Салық патенті негізінде жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға салық салуды реттеу және жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізімі» бекітілді. Ол төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі тұтыну тауарлары өндірісіне арналған. Ол киімдер және басқа тігін бұйымдарын  тігу, тоқыма бұйымдар дайындау, былғарыда  бұйымдар тігу, табиғи былғарыдан бас  киімдер тігу, аяқ киім тігу, галантерея бұйымдарын жасау т.б азық – түлік  тауарларын өндіру сияқты қызмет түрлерін қамтиды. Екінші бөлімінде  жеке кәсіпкерлердің тұрмыстық қызмет саласындағы айналысатын кәсіптері  айқындалған. Олар мыналар – металл бұйымдарын, қолшатырларды, тұрмыстық  машиналар мен жабдықтарды жөндеу, радио – телеаппаратуралар мен  компьютерлер жөндеу және т.б. жатады. Жеке дәріс  беру арқылы дайындық өткізу, дене шынықтыру  және сауықтыру, жан –жануарларды емдеу , киім пішуге, тігу мен тоқуға үйрету – жеке тұлғалардың әлеуметтік –  мәдени саладағы көрсететін қызметтерін  айқындайтын үшінші бөлімге осылар жатады. Ал, төртінші бөлімде тізімге түскен қызметтің басқа түрлеріне мыналар жатады: тұрақты сауда орындары бар қоғамдық тамақтандыру, балмұздақ және салқын сусындар сату және т.б. жатады. Тізімдегі төрт бөлімде барлығы 54 түрлі қызмет көрсету қамтылған. Салық органдары  салық патенттерін бір жылдағы  шектеулі ықтимал айналымы 200 айлық  есепті көрсеткіштерден аспайтын жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын азаматтарға береді. Айналымның шектеулі мөлшері патентте көрініс табады. Шектеулі белгіленген айналым жылына 200 айлық есепті көрсеткіш артқан жағдайда жеке тұлға бұл туралы өзіне  салық патенттін берген салық  органдарына хабарлауға міндетті [3, 432-бап]. Тек содан  кейін органдары нақты алынған пайда мен жұмсалған шығынға байланысты салықтар төлеудің тәртібін айқындайды. Салық  қызметінің  ұжымдары,  мемлекеттік  ұйым  бола  отырып,  Қазақстан  мемлекетінің  заңдарына  сәйкес,  әсіресе  ең  негізгі  заң  конституция  бойынша,  өзіне  жүктелген  қызметін  атқарады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin