Салық төлеушінің құқықтарын сақтауға; 2) мемлекеттік мүдделерін қорғауға; 3) салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне; 4) салық төлеушілердің, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен жүргізуге; 5) ҚР – ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті. Салық тексеруі барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтарылу фактілері, сондай – ақ қылмыс белгілерін көрсететін анықталған кезде, салық органдары ҚР – ның заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді. Салық қызметінің органдары ҚР – ның салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды. Салық органдары мен басқа мемлекеттік органдардың бірлесіп қызмет 1 Салық қызметі органдары орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс — әрекет жасайды, бірлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. 2 Мемлекеттік органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті. 3 Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс — әрекет жасау арқылы орындайды. 4 Салық қызметі органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бір – бірімен өзара іс — әрекет жасайды.
Jsk ақпараттық агенттігі