• 26 декабря, 2024 5:52 дп

Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.

Автор:admin

Июн 13, 2024

Жалпы салық  туралы түсінік өзінің бастауын ғасырлар (әскери трофейлер,құрбандыққа шалу,жалшылар еңбегі)тереңінен алады.  Тарихқа  жүгінсек,қазынаға түсетін түсімдердің  түрі көп болған.Оған жататындар  жеке меншік(домендер)контрибуцилер,монопольды  сипаттағы өндірістік кіріс көздері  сияқты түсімдер(қазыналық фабрикалар,теміржол,кеден,сот  және басқа түсімдер)елге келу  және кетуге байланысты кеден  баждары. Мемлекеттік  кіріс көздерінің бүгінге дейін 7 түрін анықталған,оған  әскери олжа, көрші мемлекеттер  сыйлықтары,одақтастардан алым, баж  және саудадан түскен кірістер,халықтан  түскен табыстар жатады. Салықтың  енуі мемлекеттік бақылау жүйесінің,экономиканың,құқықтық  танудың жоғарғы деңгейде дамуына  жағдай жасады. «Салық» түсінігінде  тек экономикалық және философиялық  ойлар емес,сонымен қатар заңды  актілерде бекітілген құқықтық  өзара қарым-қатынастардың нақты  формалары енгізілді. Ғасырлар бойы  «салық» туралы түсініктер өзгеріп  отырды.Салық салудың дамуы мен  жетілуіне байланысты әртүрлі  көзқарастар туа бастады. Сол көзқарастар арқылы ғана  халықтың салық салуға деген  қатынасы бағаланады.Сондықтан ғалымдар  және қоғам қайраткерлері салыққа  тек экономикалық позиция жағынан  ғана емес,заңдық жағынан да  көзқарастарын білдіреді. Салықты төлеу тәртібі мен  мөлшерін бекітілген заңдық тәртіптегі  алым ретінде анықтады.  Сонымен  бірге салық әлеуметтік экономикалық  дамудың тұтыну заңы ретіндегі  қажеттілік деп түсініледі . Дамыған  елдердің  салықтары  әр  түрлі  атаумен   келесідей  негізгі   формаларды  қабылдайды: жеке  тұлғалардың  табыс  салығы, заңды  тұлғалардың  табыс  салығы,  қосылған  құн  салығы, айналымнан    алынған  салық,әлеуметтік  сақтандыру  қорындағы  жарналар,  тұтынуға  ерекше  салық  түрлері. Өндіріс  пен  тауар  айналымы  процесінде  туындаған  шығыстар мен  кірістер  жинағынан  алынған  бұл  салықтардың  ішінен  тек   жинақ  байлықтан  алынған салықтар  шығады.  Олардың  негізгі  түрлері: мүлік  салығы  және  мұраға  қалдыру  мен  сыйға  беруден  салық.

Автор: admin