• 28 ноября, 2024 6:28 дп

Салықтың негізгі қызметтері

Автор:admin

Июн 18, 2024

Салықтың  мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта бөлу. Ең негізгі қызметі  фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Ретеушілік қызметі  — салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына  өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге асырылады. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Салық  кодексі  бойынша  Қазақстан  Республикасы  салық  жүйесінде  13 салық,  5  алым  және  10 төлемақы  түрлері қарастырылған заңда аталған салықтар  мен төлемдерден басқа да  төлемдер  түрлерін  жасауды ешбір органының салық төлеушіден  тасып кетуге  құқы  жоқ.  Себебі  ол  салық  туралы  заңдa белгіленбеген,  көрсетілмеген. Сондықтан  мемлекет  өз  қазынасының  кіріс  бөлігіне  түсетін төлемдерді  заң  түрінде  белгілейді  және  тек  белгіленген  төлемдерді,  өз  міндеттері  туындағанда  төлеп  отыруды салық  төлеушілерге  міндеттейді. Жоғарыда айтылған салық  белгілерін мемлекеттік төлемдердің (салық, алым, төлем  т.б.) табиғатын  дұрыс ашу үшін қолдана білу –  азаматтардың құқықтарын сақтай отырып, әрбір төлемді тиімді түрде ұйымдастыру  және мемлекеттік кіріс жүйесін  ғылыми негізде нысандауға кепілдік берер еді. Салық элементтері. Салық өз табиғатында белгілі бір элементтерден тұратын күрделі құрылым. Негізгі элементтері болып мыналар табылады: Салықтың құқықтық негізі. Бұл салықты төлеу міндеттемесінің некеге байланысты туындайтынын айқындайды. Салық субъектісі – салықты кім төлегенін айқындайды. Салық объектісі – салықты не үшін және не заттан төлейтінін айқындайды. Салық шамасы (нормасы) – салықты қандай мөлшерде төлейді, салық салу ставкасын қалай қолданатынын айқындайды. Салық бойынша жеңілдіктер – не себептен салық төлеуші салық төлеуден босатылады немесе аз мөлшерде салық төлеуге құқы бар екенін айқындайды. Әрбір салықтың табиғатында, құрылымында аталған  элементтер тобы кешенді түрде қатысты  болу керек. Аталған элементтердің  біреуі салықтың бойынан табылмаса, онда ол салық белгіленбеген болып  табылады. Тек қана салық бойынша  жеңілдіктер кейбір салықтарға қатысты  болмауы мүмкін. Ал қалған элементтердің  қатысты болуы – міндетті талап. Салықтар  белгілері туралы жоғарыда айтқанымыздай  салықтар тек заңдастырылған құқықтық нысанда ғана өмір сүре алады. Салықтар элементтерінің кешенді тобы толық қатысты болған жағдайда ғана салық заңды түрде белгіленген, қалыптасқан болып табылады. Заң тұрғысынан қарағанда бұл құқықтық акт нормативтік акт қатарына жатқызылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin