• 24 ноября, 2024 8:58 дп

«Сапалы өнім»: Түркістан облысы тұтынушыларына сапалы өнімді ұсынунегізгі мақсат!

Автор:admin

Ноя 4, 2023

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы таныстырылды.

Бұл жоба туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Түркістан облыстық филалының ғимаратында өткен баспасөз брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігініңТүркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Болатбек Қыстауов мәлім етті.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске асыруды ұсынады. Жобада қоғамдық күштердің елдің ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделеді. Жобаның негізгі бағыты – нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жозықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау – дейді Болатбек Қыстауов.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерге қоғамдық талдау-бақылау шеңберінде тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуде басшылық жасау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпарат беру, тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну, тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қою, халық арасында сапасыз өнім анықтау мақсатында сауалнама жүргізу мүмкіндігі берілуде. Талдау – бақылау жүргізу шеңберінде қоғам белсенділері тауар сту сатып алу орындарында фото, бейне жазбаларын пайдалану құқығы бар.

Түркістан облысында азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша  қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар, өңірдегі бизнес өкілдері қатысуымен өңірлік штаб жұмыс істейді. Егер облыс тұрғындары сапасыз өнім тұтынғаныны анықталған жағдайда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіну қажет. Анықталған мәселелерді өңірлік штаб тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғаларды тарта отырып қарайтын болады – деді Болатбек Қыстауов.

Қазір облыста тұтынушылардың өтініштері бойынша сапасыз өнімді анықтау жұмысы жүргізіліп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін және кәсіпкерлік суьбектілердің тұтынушылар алдындағы міндеттерін орындауын қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдардың жұмысы жалғасуда.

Автор: admin