• 19 сентября, 2024 4:32 пп

САРЫАҒАШТА 50-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июл 30, 2024

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласында 54 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қалаға қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен бой көтерген арендалық баспаналардың ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған.  Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.

Айта кетейік,  аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі тұрғын үйлердің  іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, шатыры жабылған. Нысан басында болған аудан басшысы  мердігер мекеме өкіліне  тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандығын айтып, сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовқа  құрылыс барысын баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.

Автор: admin