Елімізде 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған. Осындай еңбек адамының бірі Сауран ауданының тумасы Фариза Батырханова. Бүгінде ол 3 баланың анасы, өз ісінің шебері, робототехниканы меңгерген нағыз кәсіби маман.
Фариза қазіргі таңда “Aqniet Holding” компаниясында роботтармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, онда мектеп пен медицина саласына арналған жиһаздарды шығарады. Маман жиһаздарды дайындау барысында ең бастысы сапаға мән беретіндігін айтты.