• 22 сентября, 2024 4:46 дп

Сервистік жедел полиция қалыптастыру

Автор:admin

Май 9, 2024

Шымкент қаласында сервистік полицияны дамыту үшін Шымкент қалалық Полиция департаментінің арнайы жобалары да баршылық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының саладағы саясатын қалада жүзеге асыру бағытында құзырлы органдар тарапынан қоғаммен серіктестікті нығайту бағытында профилактикалық шараалар кешені қабылданған. Ал қаламыздағы полицияны азаматтардың мәселелерін шешетін және көмектесетін қызмет деп бағалауға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: Жүйені түбегейлі жаңарту қажет. Осы ретте қауіпті топтарға жататын азаматтардың басым бөлігі назардан тыс қалып қояды. Ал кейбір алдын алу шаралары шектеу-мәжбүрлеуден әрі аспайды. Мұндай жұмыстар жергілікті жерлерде жүйесіз жүргізіліп жатыр. Нақты үйлестіру тетіктері жоқ. Құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлейтін уақыт жетті.Заң мен тәртіп үстемдігі бұлжымас шарт. Ел ішіне іріткі салғандар қатаң жазалануы тиіс, — деп атап айтқан болатын Президент. Сондықтан жергілікті полиция қызметінде ауқымды реформалар жүргізілуде. Соның ішінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы қайта қаралуда. Аталған ведомство Еуропада­ғы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­­мындағы бағдарламалар офисінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларына арналған әрбір қызметтік жағдайға қажетті іс-қимылдардың қа­дамдық алгоритмін әзірлеп отыр. Сон­дықтан «Жұртқа жақын полиция» қағи­даты ең алдымен учаскелік полиция қыз­меткерлері үшін маңызды. Бұл қағиданың неліктен учаскелік полиция үшін жақын екені айтпаса да белгілі. Сондықтан бұл шешімдерді қабылдау кезіндегі кәсібилік пен тәжірибе өз алдына, полиция инспекторлары ең алдымен жұртпен ашық əңгіме жүргізуге бейімделе білу маңызды болып отыр. Осы жергілікті полиция қызметін «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша реформалау мен Қазақстан полициясы жұмысының «сервистік модельге» көшуі мәселесіне қатысты ұйымдастырылған Ішкі істер министр­лігінің апталық баспасөз мәслихатын­да ІІМ Кадр саясаты департаментінің бас­тығы Айдар Сайтбеков «Азаматтардың санасында полицияның қызметі жазалаушы емес, қиын-қыстау кезде кө­мек­ке келуші ретінде орнығуы қажет. Құқық қорғау органдарының жұмысы отандастарымыздың мәселелерін шешіп, қажет болған жағдайда қолұшын созуға негізделген. Қоғаммен серіктестік етуге, тығыз байланыс орнатуға қашанда дайынбыз. Бұл туралы еліміздің «Ішкі істер органдары туралы» заңда да жазылған», деді. Яғни, ел полициясының ең негізгі міндеті – жазалау емес, тұрғындардың қорғаны болу. Құқық қорғау органдары саласында жүргізіп жатқан бүгінгі реформалар да  осыны көздейді.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin