• 31 января, 2025 12:12 пп

«Сервистік полиция» – қоғаммен серіктестік орнату арқылы мәселелерді шешуге бағытталған стратегия.

Автор:admin

Май 9, 2024

Ал полицияны азаматтардың мәселелерін шешетін және көмектесетін қызмет деп бағалауға болады. Сондықтан жергілікті полиция қызметінде ауқымды реформалар жүргізілуде. Соның ішінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы қайта қаралуда. Аталған ведомство Еуропада­ғы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­­мындағы бағдарламалар офисінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларына арналған әрбір қызметтік жағдайға қажетті іс-қимылдардың қа­дамдық алгоритмін әзірлеп отыр. Сон­дықтан «Жұртқа жақын полиция» қағи­даты ең алдымен учаскелік полиция қыз­меткерлері үшін маңызды. Бұл қағиданың неліктен учаскелік полиция үшін жақын екені айтпаса да белгілі. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ержан Сәденов бір сөзінде айтқанындай, «учаскелік инспекторлар халықпен тікелей жұмыс істейді және бірінші болып шешім қабылдайды». Сондықтан бұл шешімдерді қабылдау кезіндегі кәсібилік пен тәжірибе өз алдына, полиция инспекторлары ең алдымен жұртпен ашық əңгіме жүргізуге бейімделе білу маңызды болып отыр. Осы жергілікті полиция қызметін «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша реформалау мен Қазақстан полициясы жұмысының «сервистік модельге» көшуі мәселесіне қатысты ұйымдастырылған Ішкі істер министр­лігінің апталық баспасөз мәслихатын­да ІІМ Кадр саясаты департаментінің бас­тығы Айдар Сайтбеков «Азаматтардың санасында полицияның қызметі жазалаушы емес, қиын-қыстау кезде кө­мек­ке келуші ретінде орнығуы қажет. Құқық қорғау органдарының жұмысы отандастарымыздың мәселелерін шешіп, қажет болған жағдайда қолұшын созуға негізделген. Қоғаммен серіктестік етуге, тығыз байланыс орнатуға қашанда дайынбыз. Бұл туралы еліміздің «Ішкі істер органдары туралы» заңда да жазылған», деді. Яғни, ел полициясының ең негізгі міндеті – жазалау емес, тұрғындардың қорғаны болу. Құқық қорғау органдары саласында жүргізіп жатқан бүгінгі реформалар да  осыны көздейді.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin