• 19 сентября, 2024 9:22 пп

Сот адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы.  

Автор:admin

Сен 17, 2024

Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Әрбір  демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекеттердегі секілді Қазақстанның да ең басты байлығы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әр адам,, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, тіліне, дініне,  ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, әлеуметтік топтарына немесе басқа да белгілеріне қарамастан тең құқылы. Және де әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар. Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстар Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген. Айтарымыз адам құқығы жайлы болғандақтан, алдымен «адам құқықтары дегеніміз не?» деген сауалға жауап берейік. Адам құқықтары дегеніміз – адамның өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі. Жалпы адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адам тіршілігінен туындайтын құқықтар. Яғни, адамның еркін өмір сүруі, оның бостандығына қол сұғылмауы т.б. Ал әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Яғни білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру т.б. Адам құқықтары Қазақстан Республткасының Конституциясында, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтар мен арнаулы заңдарда қарастырылған. Адамның құқығы бұзылғанын немесе бұзылмағанын заң жүзінде анықтап, үкім шығаратын құзіретті орган — сот. Сондықтан да қоғамдық қарым-қатынастардағы құқықтық нормаларды қамтамасыз ету бойынша сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесінің рөлі аса зор. Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабында «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінсе, Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында, «әрбір  азаматтың тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы бар» делінген. Яғни әрбір адам өз құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғай алады. Сот адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы.  Жеке тұлға өзінің құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және жекелеген азаматтардың кез келген заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне қатысты сотқа шағымдануға құқылы.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin