• 19 апреля, 2025 7:36 пп

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: 34 ҰСЫНЫМ ЕНГІЗІЛІП, БЮДЖЕТКЕ 13,3 МЛН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Автор:admin

Ноя 3, 2024

    Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Осы орайда Шымкент қаласының Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін енгізілген 34 ұсынымның 19-ы қазіргі уақытта ішінара орындалуда. Ауыр атлетика, жекпе-жек және басқа спорт түрлері ұйымдарының 19 жаттықтырушысы мен 13 әдіскерінің жалған құжаттар негізінде алған «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» атақтарының күші жойылды.

Негізсіз үстемеақылар үшін бюджетке 1,9 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар, бюджеттік спорт ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны есептеуде бірнеше кемшіліктер анықталды. Құқықтық актілердегі олқылықтар, жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін қосымша ақыны өз бетінше есептеу мүмкіндігі негізсіз жоғары үстемеақылардың қалыптасуына ықпал еткен.

Бірқатар спорт мекемелерінде жалақыға қосымша ақы 500%-дан асатын жағдайлар орын алған. Әкімшілік-басқару персоналына да үстемеақы есептеледі. Оқу процесіне қосымша ақылар спорт мектебі директорларының жүргізушілеріне, коменданттарға, референттерге, мұрағатшылар мен от жағушыларға тағайындалған. Осы тұрғыдағы жалпы сомасы 15,5 млн теңгеге 16 факті анықталып, 13,3 млн теңге бюджетке қайтарылған.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin