Бүгінде пандемия жағдайында мемлекет бизнестің тек құқықтық салада қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда.
Алайда, кейбір арам ойлы шенеуніктер мен алаяқтар бопсалау үшін белгіленген шектеулерді қолданады.
Бұған қолда бар фактілер дәлел.
Сондықтан, пара бергені үшін ірі айыппұлдармен қоса, Қылмыстық кодексте ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ, шенеуніктер пара талап еткен жағдайда, Сіз Агенттіктің сенім телефонына — 1424 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
Оларға заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) баспасөз қызметі