• 25 ноября, 2024 7:36 дп

Темекі шегу – денсаулыққа зиян

Автор:admin

Апр 15, 2024

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын .Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту қажет. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Салауаттылық — ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Шылым шегу — зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. «Сен білесің бе?» . 1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі. 2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. 3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады. 4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады. 5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар. 6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де — есірткінін бір түрі. 7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион. 8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде Темекінің зиянын білесің бе? Темекі шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin