Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында тісі таңдайға өсіп, ауруы асқынған науқасқа МӘМС есебінен күрделі ота жасалды. Жасы 60-қа таяған азамат тіс аурынан бірнеше жыл зардап шегіп келген. Үнемі өткір бас ауруы, беттің ісінуі мен гайморит белгілері мазалаған. Аурухананың консультативті диагностикалық орталығының дәрігер-хирургы Жандос Сұлтанов пациентке амбулаторлы жағдайда жергілікті жансыздандыру арқылы ота жасап, дерттен сауықтырды.
Қалалық №1 клиникалық ауруханасында құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауру¬ларына жоғары мамандандырылған диагностикалық және емдік шаралары көрсетіледі. Аса күрделі бет-жақ сүйек аумағын қайта жаңарту, қалпына келтіру сынды күрделі ота түрлері де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жасалады.
Былтыр аталмыш аурухананың консультативті диагностикалық орталығының білікті дәрігерлер құрамы 1500-нан астам амбулаторлы ота түрлерін көрсеткен.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент