• 31 октября, 2024 7:13 дп

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУА КҮНІНЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫН САУДАЛАЙДЫ

Автор:admin

Фев 6, 2024

Келестік кәсіпкер Қайрат Әбдіразақұлы бүгінде 6 мыңға жуық бөдене өсіреді. Қазіргі таңда құстың жұмыртқасын сатып, табысқа кенеліп отыр.
— Ауылымыздағы тұрғындардың басым көпшілігі диқаншылықпен айналысады. Солар қатарлы біз де өз несібемізді жер анадан тауып келдік. Кейін әлеуметтік желіден бөдене кәсібі туралы естідік. Оның қыр-сырын үйреніп, Игілік ауылындағы кәсіпкерден 2 000 дана бөдене жұмыртқасын сатып алдық. Бүгінде үй ауыласында бөдене құсын өсіріп, оның жұмыртқасын сатуды отбасылық кәсіпке айналдырдық. Енді егін егуді қойып, бөдене өсіруді дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазір тәулігіне 3 мың жұмыртқа алып, оны 25 теңгеде саудалап отырмыз, — дейді кәсіпкер.
Қайрат Әбдіразақұлының сөзінше, бөдене – көп әрі тез жұмыртқалайды. Көптеген дерт түрлеріне шипасы мен емдік қасиеті бар. Әсіресе, адам ағзасындағы зиянды қалдықтарды тазартады. Сонымен қатар, асқазан және өкпе аурулары, созылмалы холецистит, демікпе, жүйке, жүрек ауруларына да пайдасы орасан.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin