• 18 октября, 2024 6:19 пп

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Автор:admin

Окт 3, 2024

 

2024 жыл басынан бері облыста газ баллондарының жарылуы бойынша 9 жағдай тіркеліп, салдарынан 14 адам жарақат алды. Жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, немқұрайлы қарауына байланысты орын алып отыр. Бұл туралы өткен брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Педен мәлімдеді.

«Жалпы айтқанда өрттің алдын алу мақсатында басқарма тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен 28 538 отбасы есепке алынды. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы азаматтардың үйлеріне 271 дана газосигнализаторлар орнатылды. Облыс тұрғындарына ескертетін жайт — жылыту маусымының алдында газ құбырларын тексеру қажет» — деді спикер.

Автор: admin