• 26 декабря, 2024 9:15 пп

ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Окт 19, 2021

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылдың 14 қазаны мен  24 қараша күндері аралығында облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуде.   

 

Талдау жұмыстары төменде көрсетілген негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады:

  • көліктік бақылау бекеттері;  
  • бақылау, қадағалау функцияларын іске асыру; 
  • әкімшілік өндіріс; 
  • жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелінің салалары мен рәсімдері; 
  • кадр мәселесі;  
  • мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс; 
  • автомобиль көлігі; 
  • темір жол мен су көлігіндегі рұқсат беру; 
  • тасымалдаушыларды субсидиялау және берілетін субсидиялардың мөлшерін анықтайтын параметрлер;
  • тасымалдау тарифтерін есептеуді жүргізу тәртібі; 

 

Егер де, Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне қатысты Сіздің қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұранамыз. 

 

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 78 

Байланыс: +7 (702) 102 12 81 

Эл.почта: taldau_13@mail.ru 

 

Есіңізде болсын, Сіздің ашық  ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз —   сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда аса маңызды. 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл  болайық! 

 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің баспасөз қызметі

 

Автор: admin