• 26 июня, 2025 2:25 пп

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сабақтар ұйымдастырып, өткізді.

Автор:admin

Июн 26, 2025

Сабақтар барысында балаларға келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: қаржылық алаяқтықтың түрлері, оның ішінде дропперлер мен қаржы пирамидалары; вейп қолданудың зияны, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық негіздері.

Сонымен қатар, қызметтік иттерді қолдана отырып, есірткі заттарын анықтау және іздеу бойынша кинология қызметкерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Демалушылардың қатысуымен спорттық жарыстар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 3610 адамды құрады, оның ішінде балалар, тәлімгерлер мен ата-аналар бар. Қатысушыларға QR-кодтары бар 2060 ақпараттық брошюра таратылды.

Бұдан бөлек, «Қолынан келсе, мені алдап көр» тақырыбындағы қаржылық сауаттылыққа арналған балалар сурет байқауының қорытындысы бойынша 20 бала марапатталды, олардың 10-ы – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Автор: admin