• 22 ноября, 2024 10:28 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Автор:admin

Мар 19, 2023

Түркістан облысында сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі 899 сайлау учаскесінде отбасымен келіп, өз таңдауын жасады.

Ел болашағына бейжай қарамайтын ана бұл күннің маңыздылығын атап, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Түймегүл Ергешқызы ең алғашқы сәбиді осыдан 22 жыл бұрын асырап алуға шешім қабылдаған. Содан кейін отбасы жыл сайын толыға бастаған. Бүгінде жанұя Кентаудағы көпбалалы отбасылардың қатарына жатады.

Түймегүл Ергешқызы үлкен отбасында өскен. Сол үшін де үйде барынша көп бала болғанын қалайды.

Бүгінде көпбалалы ананың өз кәсібі бар. Ол кафе және дүкен орталықтарын ашқан. Қәзіргі таңда 18 баласы және 6 немересі бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin