Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары сәйкес индикаторларға байланысты жүзеге асырылып отыр. Бүгінде халқы тығыз орналасқан киелі мекенде жұмыссыздықтың алдын-алу процестері тиісті деңгейде жүзеге асырылып отыр. Осы орайда мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты келесі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау; жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту; «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік даярлау. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМІ БАР КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжат (куәлік);
3) денсаулық туралы анықтама;
4) әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санатын растайтын анықтама (бар болса);
5) аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар берген жолдама. ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӨТІНІМДЕРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ БІЛІКТІЛІКТЕР МЕН ДАҒДЫЛАР БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту:
1) жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беру ;
2) 100 сұранысқа ие өндірістік және қызмет көрсету кәсіптерінің тізімінде көзделген жұмысшылар біліктілігі үшін .
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында NEET санатындағы жастардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылар мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің, қысқартылатын жұмыскерлердің басым құқығы бар.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес күндізгі нысанда және/немесе онлайн режимде жүзеге асырылады.
Бұл ретте онлайн оқыту техникалық мүмкіндіктер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары болған кезде жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға мынадай мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;
2) «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған уақытта Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында 5 АЕК мөлшерінде;
3) оқудың барлық кезеңінде медициналық тексеріп-қараудан өтуге 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Қаржылық көмек шығындарды растайтын құжаттарды көрсетпей төленеді. Оқуға ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
3) білім туралы құжаттың көшірмесі (куәлік, диплом) (бар болса);
4) денсаулық туралы анықтама.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИНДУСТРИЯҒА!» («СЕРПІН») ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ
Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қалаларының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады.
Техникалық және кәсіптік оқу жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен, тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3 х 4 см 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) спорттық санаттардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса). ЕҢБЕК ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕРДІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚЫСҚАРТЫЛАТЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ Мемлекеттік кәсіптік оқыту бағдарламасының қатысушылары еңбек келісімшарты бойынша жұмыс жасайтындар, сондай-ақ еңбек ресурстарының ағынын басқарудың жол карталары шеңберінде жұмыстан босатылған жұмысшылар болып табылады. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген кәсіптік оқыту курстары құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) жұмыс кітабының көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі (сертификат, диплом), сондай-ақ оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (сертификат) (бар болса). Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті нәтижесінде жалақы, пайыздық кіріс пен рента формасында еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға бағалар қалыптасатын нарықтар. Өндіріс факторларының нарығы адамның күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар өткізілетін кәдімгі нарықтан (тауарлар мен қызметтер) сатып алушылары жеке және өндірістік мақсаттағы әртүрлі тауарларды өндірушілер болып табылатындығымен ерекшеленеді. Экономикалық ғылым өндіріс факторларының (ресурстарының) төрт тобын бөліп көрсетеді: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік. Факторлық нарықтардың ішінде еңбек нарығы ерекше орынды иеленеді. Еңбек нарығы туралы түсінік Еңбек нарығы – негізгі тауар – еңбек күшін айналымға жіберуге байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жұмыс күші – адамның еңбек ету қабілеті, адам өз қызметінде пайдаланатын дене және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығы. Еңбек – бұл оны иеленуші адамнан бөлінбейтін жалғыз тауар. Иеленуші-адам сату сатып-алу объектісі болып табылмайды, яғни жұмысшы емес, оның еңбекке қабілеттілігі сатылады және сатып алынады. Еңбек нарығының ерекшелігі мынада: оның реттегіштері тек экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық факторлар болып табылады. Олар ұдайы өндіріс сипаты мен және тауар ерекшеліктерімен, жұмыс күшімен байланысқан. Еңбек нарығының мынадай ерекшеліктері бар: Тауарға – жұмыс күшіне меншіктік құқық оны иеленушіден бөлінбейді, яғни сатып алушы (жұмыс беруші) көптеген тауарлардың бірі ретінде жай ғана жұмыс күшін сатып алмайды, сондай-ақ адаммен істес болады. Сатушы мен сатып алушының өзара қатынасы ұзаққа созылады, яғни еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының өзара қатынастары қызметкерді жалдау шарты жасалған уақытқа дейін жалғасады. Жұмыс күшінің әртүрлі кәсіптік-біліктілік деңгейі, технологиялармен, еңбекті ұйымдастырудың саналуандылығы, жалдаудың келісімшарттық (контрактілік) жүйесіне көшу және т.б. тауар-жұмыс күшін сатып алу кезінде мәмілелерді жекешелендіру қажеттігін туындатады. Еңбек нарығына кәсіптік одақтардың, еңбек заңнамасының, жұмыспен қамту мен кәсіптік дайындықтың мемлекеттік саясатының, кәсіпкерлер одақтары мен басқаларының елеулі ықпал етуі. Ақшалай емес факторлар – жұмыстың күрделілігі мен беделділігі, еңбек жағдайлары, оның денсаулық үшін қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мен кәсіптік өсуге кепілдіктер, ұжымдағы моральдық ахуал және басқаларының орын алуы. Еңбек нарығының мәні оның қызметтерінен көрінеді. Еңбек нарығының негізгі екі қызметі ажыратылады: экономикалық функция, ол еңбекке қабілетті халықты ұдайы өндірудің оңтайлы үдерісін қамтамасыз етуді білдіреді; әлеуметтік функция, ол табыстар мен адамдар әл-ауқатының қалыпты деңгейін қамтамасыз етуден құралады. Еңбек нарығының субъектілері. Экономикалық түсінік ретінде еңбек нарығы бір мезгілде тауарды сатушылар болып табылатын оның иелері (жалдамалы қызметкерлер) мен сатып алушылар (жұмыс берушілер) арасындағы өзара қатынастарды бейнелейді. Қоғам үшін бұл өзара қатынастардың ерекшелігі мен маңыздылығына байланысты олар еңбек заңнамасында заң жүзінде ресімделеді. Осылайша еңбек нарығының субъектілері кәсіпкерлер (ірі, орта, ұсақ фирмалар), жалдамалы қызметкерлер, кәсіподақтар, сондай-ақ өзінің уәкілетті органдарымен бірге мемлекет болып табылады. Кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің еңбек нарығында бастапқыда әртүрлі мүдделері болады. Кәсіпкерлік сектордың мақсаты жұмыс күшін тиімді пайдалану арқылы пайданы барынша арттыру болып табылады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін тікелей субъектілер жалдамалы қызметкерлер (жұмыс күшін иеленушілер) табыстардың артуына, еңбектің қауіпсіз жағдайларының қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік кепілдіктердің жақсартылуына мүдделі. Еңбек нарығының қызмет етуі бұл мүдделердің теңгерімін қолдау үшін қажет. Жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғау үшін әртүрлі институттар әрекет етеді. Еңбекшілдердің неғұрлым бұқаралық ұйымдары – кәсіподақтар, әдетте, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығы бойынша құрылады. Мемлекеттік органдар еңбек нарығында мемлекеттің әлеуметтік саясатын, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету соңғы есепте, еңбек нарығының қызмет ету тетігін жетілдіру мақсатында әрекет етеді. Жұмыс күші нарығының субъектісі ретінде мемлекет мынадай қызметтерді атқарады. Еңбек нарығының құрамдастары. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс, ұсыныс және баға қалыптасады, бұлар осы нарықтың негізгі құрамдастары болып табылады. Еңбекке сұраныс – еңбек нарығында ұсынылған жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктердің жалпы көлемін бейнелейді. Еңбек ұсынысы – халықтың саны және құрамымен (жынысы, жылы, білімі, кәсібі, біліктілігі және т.б.) сипатталатын жұмыс күшінің жалпы саны. Жұмыс күшінің бағасы (жалақы). Еңбекке сұраныс жұмыс берушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметкерлерді қажетсінуін білдіреді. Еңбекке сұранысты бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушіні қанағаттандырмайтын қызметкерлер орнына оларды алмастырушылар іздестіретін жұмыс берушілер қалыптастырады. Еңбекке сұраныс бәрінен бұрын оған төленетін еңбек нарығының ақылық деңгейіне байланысты болады. Еңбекке сұраныс пен оның бағасы жалақының өзара байланысы еңбекке сұраныс заңымен білдіріледі, оған сәйкес жалақы өскен кезде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке деген сұраныс азаяды. Бұл өзара байланыстың кескіндік бейнесі еңбекке сұраныстың қисық сызығы деп аталады. Бұл график жалақы (W) шамасы мен еңбекке сұраныс (L) шамасының арасындағы тәуелділікті бейнелейді. DL қисық сызығындағы әрбір нүкте жалақының белгілі бір деңгейіндегі еңбекке сұраныс шамасының қандай болатынын көрсетеді. Қисық сызықтың кері көлбеуі төмен жалақы кезіндегі еңбекке сұраныстың ұлғаюын және керісінше бейнелейді. Сұраныс шамасына еңбек бағасынан бөлек: өнімдерге деген сұраныс, өндіріс технологиясының деңгейі, капитал бағасы, қалыптасқан экономикалық жағдай және т.б. факторлар да ықпал етеді. Егер еңбекке деген сұранысты жұмыс берушілер (фирмалар) қалыптастырса, онда еңбек ұсынысын қызметкерлердің өздері жүзеге асырады. Еңбек ұсынысы. Еңбек ұсынысы еңбек нарығында белгілі бір уақытта белгілі бір баға бойынша ұсынылуы мүмкін еңбек мөлшерін білдіреді. Еңбек ұсынысын жұмыссыздар, жұмысты бірінші рет іздеушілер мен жұмыс жағдайларына қанағаттанбаған, сондықтан жаңа жұмыс орнын іздейтін жалдамалы қызметкерлер қалыптастырады. Еңбек ұсынысы бәрінен бұрын оған жасалатын төлемнің деңгейіне байланысты және жалақы шамасына тікелей тәуелді. Жалақы арттырылған жағдайда еңбек қызметтерін сатушылар (жалдамалы қызметкерлер) ұсынысты арттыратын болады, ал жалақы төмендеген жағдайда еңбек ұсынысы да төмендейді. Бұл тәуелділікті еңбек ұсынысының SL қисық сызығы бейнелейді. Бұл график жалақы (W) шамасы мен еңбек ұсынысы (L) шамасының арасындағы тәуелділікті бейнелейді. Еңбек ұсынысының қисық сызығындағы (SL) әрбір нүкте жалақының белгілі бір деңгейінде еңбек ұсынысы шамасының қандай болатынын көрсетеді. Ұсыныс шамасына еңбек бағасынан бөлек: демографиялық факторлар (туу, өлу) еңбек ресурстары әртүрлі әлеуметтік топтарының экономикалық белсенділігі, зейнеткерлік жас, халықтың көші-қоны, кәсіподақтардың белсенділігі және т.б. факторлар ықпал етеді. Жалақы. Номиналды және нақты жалақы. Жалақы – бұл қызметкерге еңбегі мен жұмыс күші үшін берілетін төлем. Ол номиналды және нақты жалақы болып бөлінеді. Номиналды жалақы – бұл қызметкердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы. Нақты жалақы – бұл номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар жоғары болған кезде номиналды жалақы (ақшаның жалпы сомасы) өседі, ал нақты жалақы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының жылдам өсуінен төмендейді. Жалақының шамасына жалдамалы қызметкердің жасы, оның білімі мен кәсіпқойлылығы, еңбек қызметінің өтілі, қызметкердің біліктілігі, орындайтын жұмысының сапасы мен мерзімдері және т.б. сияқты көптеген факторлар әсер етеді. Сондай-ақ жалақының жалпы көлеміне кәсіподақтар да ықпал ете алады. Кәсіподақтардың еңбек нарығындағы рөлі. Кәсіптік одақтар не кәсіпорын, не сала, не белгілі бір кәсіп қызметкерлерін біріктіреді. Кәсіподақтың мақсаты – өз мүшелерінің жалақысын барынша арттыру, олардың жұмыс жағдайларын жақсарту және қосымша төлемдер мен жеңілдіктер алу. Кәсіподақтар еңбек ұсынысы мен оған сұранысты тікелей реттей алмайды. Осыған байланысты жұмыс күші нарығында делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің рөлі күшейеді. Еңбек биржасы және оның қызметтері. Еңбек биржалары – бұл еңбектік жалдау кезінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы делдалдар болып табылатын мекемелер. Бұл мекемелер, әдетте, мемлекеттік мекемелер болып табылады. Еңбек биржаларының екінші аты – жұмыспен қамту қызметі. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерімен қатар толып жатқан жекеменшік делдал фирмалар бар, заманауи нарықтардағы олардың тиімділігі айтарлықтай жоғары. Бүгінгі күні қазақстандық іс-тәжірибе үшін жұмыспен қамту проблемаларын шешуде компьютерлермен жарақталған жұмыс орындарының қорларын жасау жөніндегі шетелдік тәжірибе өзекті болып табылады, ол жерде бос жұмыс орындары мен жұмыс күшінің ұсыныстары туралы ақпарат жинақталады. Жиналған мәліметтер кәсіпкерлерге де, жұмыссыздарға да ұсынылады.
Jsk ақпарат