• 24 ноября, 2024 11:54 дп

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 11, 2023

Түлкібас ауданының орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Егістік алқабынан-сөреге» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Онда экологиялық таза, жергілікті шаруалар өндірген көкөністер, консервіленген өнімдер, ет, жеміс-жидектер және сүт өнімдері нарық бағасынан 10-30 пайыз жеңілдетілген бағада саудаланды. Мәселен, қызанақтың келісі — 110 теңгеден, қой еті — 2300 теңгеден, жоғары сұрыптағы алманың келісі — 300-400 теңге аралығында, балықтың (форель) келісі — 2800 теңгеден, 2 литрлік консервіленген қызанақ пен қияр — 700 теңгеден көпшілікке ұсынылды.

Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, сауда қатарларын аралады. Жәрмеңкенің мақсаты — шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасап, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну.

 

Автор: admin