• 1 апреля, 2025 8:46 пп

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 28, 2025

✔️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады.
✔️Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды.
✔️Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.
✔️Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Кесенені қорғау мемлекеттің қатаң бақылауында тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin