Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» ұранымен 2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық дода «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп, еліміздің бірнеше өңірінен жиналған 250-ге жуық жас балуан өзара бақ сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Додаға Қарағанды және Орал облыстары, Ақтөбе қаласы, Қармақшы, Арал, Шиелі аудандары, сондай-ақ Түркістан қаласы, Жуалы, Созақ, Сауран, Шардара, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласынан келген жас спортшылар қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
