• 22 ноября, 2024 3:36 дп

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1310 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 25, 2023

 

Түркістан қаласы әкімдігінде 1310 қызметі, яғни бірыңғай байланыс орталығы ресми түрде іске қосылды.

Енді Түркістан қаласының тұрғындары тәулік бойы өздерінің мәселелерін, тіпті шешімі ұзақ мерзімді талап ететін мәлелелерін де онлайн түрде хабарласып айта алады.

Орталық коммуналдық, әлеуметтік және туристтік бағыттарды қамти отырып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын бақылау, қадағалауды қамтамасыз етеді. 1310 байланыс орталығы биыл 14 шілдеде техникалық түрде іске қосылып, ресми түрде 21 шілдеден бастап қоңырауларды қабылдап жатыр.

Қазірдің өзінде орталыққа 608 өтінім келіп түскен, оның 566-на дер кезінде жауап берілді. Ал 42 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Орталыққа түсетін өтінімдер 6 санатқа бөлінген. Оның ішінде кеңес беру, оқиға, ұсыныс, шағым, алғыс және кезесуде көтерілген мәселелер бар.

Қала тұрғындары өтінімдерін төменде көрсетілген әлеуметтік желілер арқылы қалдыра алады.

1. Call центр 1310 қысқа номеріне хабарласу арқылы;
2. Whatsapp +707 333 1310 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram парақшасы turkistan1310;
4. Facebook: Turkistan Bailanys Ortalygy

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin