• 23 ноября, 2024 9:56 дп

Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады  

Автор:admin

Дек 1, 2020

2020 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай алғашқы отандық лоукост Fly Arystan әуе тасымалдаушысының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі орын алды.
Нұр-Сұлтан-Түркістан рейсіне 168 билет (93% жүктеу), Түркістан – Нұр-Сұлтан рейсіне 161 билет сатылды.
Айта кету керек, Түркістан қаласының әуежайы Қазақстанның «жаңадан» салынған алғашқы әуежайы.
Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» қазақстандық әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына күнделікті рейстер орындайтын болады және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа облыс орталықтармен байланысатын болады.
Халықаралық бағыттардың ішінде ең алдымен Ыстамбұл, Дубайға рейстер ашу жоспарланып отыр. Болашақта, саланың қалпына келуіне қарай басқа қалаларға, оның ішінде Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылатын болады.
Сонымен қатар, Түркістан әуежайы шетелдік әуе компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізіледі. Бұл әуежайдың ұшу географиясын кеңейтуге және шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді.

Анықтама үшін:
Әуежайдың негізгі параметрлері: әуежайдың ауданы-905,3 га, жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300х45м., жолаушылар терминалының ауданы — 10,5 мың м2, өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы.

Автор: admin