• 23 ноября, 2024 7:44 пп

Түркістанда азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғамның дамуына серпін беруде!

Автор:admin

Июл 13, 2023

Түбі бір түркі халықтарының рухани астанасы саналатын Түркістан өңірінде қоғамдық сананың дамуына азаматтық қоғамның серпіліс беруі сенімді. Бүгінде облыс көлемінде азаматтық қоғамның дамуын нақтылайтын мемлекеттік бағдарламалар мен кешенді жұмыстар бірлесіп жүзеге асырылуда. Тарихи деректердің негізі анықталған сонау тас дәуірінен бүгінге дейін адамзат қаншама мыңдаған жылдарды артқа тастап, бүгінгідей өркениетті заманға табан тіреді. Бір елде ілгері, бір елде кейін дегендей, әлем бойынша азаматық қоғамның жүлгесі қалыптасып беки бастады. Осы аталған сала боайынша еліміздегі жағдай қалай деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен ілгерілеуі үшін мемлекет бұл саланың жаңлық пен жасампаздық деңгейінде өрбуіне, азаматтардың саяси, мәдени белсенділік танытуына керекті жағдайларды жасай отырып, үздіксіз қолдауы қажет. Осы тұрғыдан келгенде ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында белгіленген тапсырмаларына сай Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы қолданысқа енді. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғашқы басқыштары екені даусыз. Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы бүгін кезек күттірмейтін мәселе. Осынау көлемді іс-шаралар тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрсетілген тармақтарға қарай құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына һәм дамуына оңтайлы әсер етері шындық. Еліміздің саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның атқарар ролы көп-ақ. Бүгінгі күні республикамызда азаматтық қоғамның құрылуы мен дамуы үшін керекті институттық негіз қалыптасқан. Нәтижесінде құқықтық негізде көптеген ерікті ассоциациялар және ІІІ-ші сектор ұйымдары қызу жұмысқа кірісті. Алайда, азаматтық қоғамның нәтижелі де қарқынды жұмыс істеуі үшін алдын ала институциялық жағдайлар жасау жеткіліксіз болып отыр. Бұл тәжірибенің аздығынан болар деп топшылаймыз. Азаматтық қоғам дегеніміз әрине, бір сәтте ғана өз-өзінен қалыптасып, дами салатын қоғам емес. Дамыған батыс елдерінің тарихына көз салсақ, азаматтық қоғам екі түрлі жолмен қалыптасқан екен. Мемлекеттің қатысуымен және қатысуынсыз. Мемле­кеттің қатысуымен дегеніміз түрлі заң-ережелер жарияланып, демократиялық сала біртіндеп дамиды. Ал, мемлекеттің қатысуынсыз дегеніміз – түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен БАҚ арқылы азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне бел шеше кіріседі. Кемелденген азаматтық қоғамда жекелеген азаматтар үшін өзін-өзі таныту мүмкіндігі зор болып, «адам – қоғам – мемлекет» үштігінің біркелкі, жетілген түрда даму барысын жылдамдатып, бір ізге түсіреді. Мұндай бағыт сол елдің экономикалық-саяси дамуы мен халықтың әл-ауқатының, мәдениеті мен сана-сезім деңгейінің артуымен бірге орнығатын процес. Азаматтық қоғамның дамуы азаматтардың өз өмірін, жүріс-тұрысын жеке мүдделеріне қарай бейімдеп, әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау парызын жетілдіре түседі. Азаматтық қоғамның қалыптасып, біртіндеп дамуының алғышарттарына жеке тұлғалардың меншік пісіп-жетілуі, аза­маттардың тең құқықтылығының салтанат құруы, жекелеген тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі есепке алынады. Адамзаттың объективтік тарихи даму желісінде және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады. Олар – әлеуметтік қоғам, шаруашылық коғам, өндірістік қоғам, азаматтық қоғам және тағы басқалары. Бұлардың ішіндегі ең күрделі де маңыздысы адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам болып саналады. Қоғамның жоғарыда айтылған баска түрлері өздігінен құрылып, өздігінен тарап жатады. Дәл қазіргі жағдайда елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі тым қиын екені баршаға аян. Әлеуметтанушылар Үкіметтік емес ұйымдардың қатысушылары мен жетекшілерінің арасында сұрау салу арқылы олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын мойындаған. Ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиын екенін анықтаған. Қазіргідей күрделі кезеңде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы нәтижелі табыстары мен тәжірибелеріне сүйене отырып, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен одан әрі дамытудың нақты бағытын айқындап алуы керек. Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады. Саяси партия — мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Кәсiптiк одақтар — азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер — саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Yкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда). Ұлттық-мәдени бiрлестiк — өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару — жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны. 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды. Үкіметтік емес ұйымдармен байланысты дамытудың негізгі бағыттары: сапалық кеңестерге, депутаттармен бірге жұмыс топтарына қатысу, мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес ұйымдардың іс-шараларына қатысу, сауалдарға жауап беру, заң жобаларына ұсыныс жасау, салалық министрліктермен бірге еңбек ету. Ел дамуына « Тіл дағдары » (М. Шаханов ) « Азаматтық алъянс » (А.Соловьева), « Әділ сөз» (Т. Қалаев), « Адам құқықтары бойынша халықаралық бюро » ( Е. Жовтис) тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар белгілі дәрежеде әсер, ықпал етіп жүр. Қазақстанда азаматтық қоғам және үкіметтік емес сектордың қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Азаматтық қоғаммның нарықық үлесіндегі үкіметтік емес сектор азаматтардың қоғамда өзін-өзі танытуына үлкен септігін тигізеді. 1995 – 1997 жылдары үкіметтік емес ұйымдардың саны өсіп, халықаралық қорлардан қорғау тапты (гранттар), әр салаға қатысты негізгі жұмыс бағыттары айқындала бастады. Кадрлық әлеует нығайып, кәсіби деңгейі көтерілген үкіметтік емес ұйымдар жобаларды орындау қызметі алға басты. Негізгі бағыттардың мамандануы қалыптасып, үкіметтік емес ұйымдардың арасында бәсекелестік дамыды. 1990-2002 жылдар аралығында сараптамалық талдау қоғамдық қорлардың өсіп, ал қоғамдық бірлестіктердің қысқарған- дығын көрсетті. 1991 жылы қоғамдық бірлестіктер саны – 81% , ассоциациялар — 16%, қорлар — 3%, ал 2002 жылы бірлестіктер — 57%, ассоциациялар — 12%, қорлар — 31%. Біріңғай Қазақстандық азаматтық қоғамды қалыптастыру жалпыұлттық идеяның іске асырылуы болып табылады. Осы мәселеде Қазақстан Республикасы Қазақстан халықтары ассамблеясының (ҚХА) III сессиясында Елбасы республикада азаматтық қоғам құру мәселесін көтерген болатын. Ал 1997 жылы маусымдағы ҚХА IV сессясында жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру ең маңызды саяси мәселелердің бірі ретінде көрсетілді. Конституцияның 19 – бабында жазылғандай: «Қазақстан – зайырлы мемлекет». Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы «қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы». Кейінгі жылдары бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлт қалыптастыру мәселесі қойылуда. «Қазақстандық ұлт» терминін этникалық жағынан емес, азаматтық тұрғыдан түсіну қажет. Қазіргі Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының негізгі үрдістері мен проблемалары. 1998 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, нәтижесінде олардың арасындағы қарым-қатынас жаңа сапаға көтерілді. Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында серіктестік қалыптасып, ортақ мәселелерді шешуге бағытталды. Грант берушілер талаптарынан тәуелсіз болу үшін кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолға қойылды. 2000 жылдан үкіметтік емес ұйымдардың одақтары, ассоциациялардың жүйелі тармақтары қалыптаса бастады. 2000 – 2002 жылға сараптамалық талдаулар Қазақстан коммерциялық емес ұйымдардың әртүрлі бағытта қалыптасқанын көрсетеді. Барлық үкіметтік емес ұйымдардың 15%-ы – экономикалық, 8%-ы – құқық қорғаумен, 14%-ы – гендерлік және бала-жастар мәселелерімен, 13%-ы – медицин, мәдениет, ғылым және біліммен, 7%-ы – әлеуметтік қолдау және мүгедектер мәселесімен, 6%-ы – қоғамдық ұсынысты қолдаумен айналысатындығы атап көрсетілген. Қазақстанда қалыптасып отырған ахуалға Алтынбек Сәрсенбайұлы: «Қазақстанда 15 жылда ұлтқа ие болатын, ұлттың дамуына бағдарлы жол ашатын саяси басқару элитасы қалыптаспағаны дүние жүзіне әшкер болып қалды. Бұл тек Н. Назарбевқа ғана емес, қазақтың әрбір азаматына қатысты әңгіме», — деп бағалады. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Сол дәстүрмен еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бері жастар саясатын мемлекет ұлттық деңгейде қолға ала бастады. 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ КСР-нің мемлекттік жастар саясаты туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылы 28 тамызындағы №73 Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» тұжы- рымдамасы бекітілді. Қоғамдағы әйелдердің саяси белсенділігі күшейді. Әйедер қозғалысының қалыптасуымен кейбір үкіметтік емес ұйымдардың – Республикалық әйелдер одағы, «Алматы фемида лигасы», «Жанар» әйелдердің қоры, «Мүгедек әйелдердің республикалық ассоциациясы», «Солдат және матрос аналарының одағы», «Көп балалы әйелдер ассоциасиясы» қызметінің негізделуімен сипатталады. Бастапқы кезеңде мемлекеттің әйелдерге қатыс- ты саясаты кеңес жүйесінің қағидалары мен тетіктерін тікелей көшірумен шектеліп, әйелдер тек әлеуметтік мәселелермен ғана айналысты. 1994 жылы Жоғарғы Кеңес пен жергілікті өкілді органдар сайлауына әйелдер ұйымдары кеңесінен 6 ғана үміткер қатысты. Сайлауға қатысқандардың 12%-ы ғана әйелдерді құрады. 1990 жылдардағы дағдарыста әйелдер отбасының асыраушысына айналды. Әйел – ананың мойнына көп күш түсті. Ол елдегі демографиялық ахуалға әсер етті. 1995 – 1998 жылдары Қазақстанда әйелдер қозғалысы жанданып, республикадағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары алты есеге өсті. Осы кезеңде әйел – ана беделін, қоғамдағы орны мен рөлін көтеруге арналған кеңестер өткізу дәстүрге айналды. 1995 жылдың қыркүйегінде Пекин қаласында әйелдер мәселесіне қатысты IV Халықаралық конференция өтті. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес құрылып, уақыт өте келе ол Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комис- сиясына айналды. Ол комиссия әйелдер мәселесі, отбасы, балалар, жастар және демография жайын кең көлемде қарастырып келеді. 1998 жылдан бастап, әйелдерге қатысты мемлекеттік саясат тереңдетіл- ді. 1998 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құқықтық мәртебесі жағынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңестік ұйымға айналған отбасы және әйелдер ісі бойынша Ұлттық комиссия құрылды. Бұл комиссия отбасы мұдделерін қорғау, әйелдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірге қатысуына жағдай жасауға маңыз берді. Комиссияға ғылым, мәдениет, өндіріс, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік қызмет- керлерден тұратын 28 адам кірді. Комиссия төрайымы лауазымы министр деңгейінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамының мүшесі болды. 1998 жылы биліктің өкілді органдарына сайлаудың алдында әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының ұсынысымен 20 ірі ұйымды біріктірген Комиссия құрылды. Қазақстан Республикасында әйелдердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар зор рөл атқарды. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы 2006 жылы шілденің 25 қабылданды. 2007 жылы 17-18 қазанда өткізілген III Азаматтық форумда азаматтық қоғам мен мемлекеттік орғандар арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі механизмін қалыптастыруға алғашарттар қабылданды. Сонымен қатар Үшінші форумның басты ерекшелігі билік пен бұқараның бетпе-бет кездесуі еді. Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық инициативалары қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында орналасқан. Кедейшілік, жұмыссыздық, көп балалы отбасылар, оралмандар, мүгедектер, экологияға байланысты Қазақстанның көптеген азаматтары өздерінің мүмкіндіктерін, талаптарын үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұсынды. Осы бағытта пенитенциарлық жүйенің реформалануы, диабетассоциациясы «Баспана» ассоциациясы, эко-логиялық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын атап өтуге болады. Қазақстанда шетелдік қорлар мен агенттіктердің бірнеше бөлімшесі(мысалы: Сорос, Еуразия, Каунтерпарт Консорциумы, Хивос, Фридриха Эберт атындағы қор, т.б) құрылды. 2009 жылы 23 — 24 қарашада халықаралық қауымдастықта азаматтық қоғамның даму деңгейін таныстыру және алдағы жұмыс бағыттарын айқын-дау мақсатында 4-азаматтық форум өтті. Алқалы басқосуға 700-ден астам делегат қатысты. Қытай, Үндістан, Франция, Болгария, Әзербайжан мем-лекеттерінен өкілдер келді. 2009 жылы елімізде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс жасады. 2008 жылы мәліметтер бойынша 206 ҮЕТ түрлі бағыттағы 226 жобаны іске асырған. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халық-а Жолдауында елімізде қоғамды либералдандыру нәтижелі жүргізіліп отырғанын айта келе, «Қазақстанда сан алуандық және көппартиялық орныққан: әр қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады; 5 мыңнан аса үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам институттары мен құрылымдары жасақталып, жұмыс іс-теуде» деген пікірін айтты. Қазақстан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті елдер-дің қатарына қосылу үшін азаматтардың шығармашылық негізі мен бастамаларын ынталандыруға көңіл бөліп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары, 1991 жылдан – «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жұмыс жасай бастады. Қазақстан 735 жаңа газет-журнал, оның ішінде қазақ тілінде – 250, орыс тілінде – 395, ұйғыр тілінде – 4, өзбек тілінде – 5, неміс тілінде – 2, корей тілінде – 2. Олардың 85-і тәуелсіз, 12-і жеке меншік басылым еді. Осы кезеңде 200-ге жуық жаңа, жеке акционерлік телерадиокомпаниялары пайда болып, олардың құрылтайшыларының құрамы сапалық жағынан өзгереді. Осыған дейін олар мемлекеттік және партиялық ұйымдарға тәуелді болса, енді телекомпаниялардың көпшілігі жеке тұлғаларға, редакцияларға, акционерлік компанияларға тиесілі болды. Соның нәтижесінде қоғамның кейбір топтары әлеуметтік, саяси үдерістерге, рухани өмірдің дамуына ықпал жасауға ұмтылды. Ақпараттық құралдардың экономикалық жағдайы мұндай үдерістердің белсенділігіне жол бермеді. Алғашқы кезеңде мемлекеттік телеарнаны жаңа техналогиямен жаб-дықтауға қаржы қол байлау болса, екінші жағынан кәсіби журналист ма-мандардың тапшылығы да кері әсер етті. Коммунистік идеология қалып-тастырған журналистік бірізділік пайымдаулар жаңа заман талабына жауап бере алмады. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік қиыншылықтары журналистердің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етті. 1992 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президентінің «Нарықтық қатынастарға көшудің өтпелі кезеңдегі бұқаралық ақпарт құралдарын қорғау туралы» Жарлығы шықты. Бұл мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарын қорғаудың құқықтық негізін салды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конститутция бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін заңды түрде бекітті. Президент жарлығымен салықтарға, пошта шығындарына жеңіл-діктер беріліп, жаңа баспаханалық құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетілді. Коммерциялық бағыттағы басылымдар кеңес билігі кезінде айтылмай ақтаң-даққа айналған — ұлттық тіл мен мәдениет, зиялы қауым, қоғам мен мемлекет қайраткерлері, батырлар мен хандар есімін жаңғыртуға арналған өзекті тақырыптарды көтерді. Ұлт тарихына деген ұмтылыс, серпіліс байқалды. Қазақ тілді басылымдар ұлттық өзіндік сананы, ұлттық рухты оятушы факторларға айналды. Дегенмен, әлі күнге дейін қазақ басылымдары эконо-микалық және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптарға аз көңіл бөлуде. Оның есесіне осы кезеңдегі ірі қазақстандық банкирлер қаржылан-дыратын орыс тілінде арнайы экономикалық басылымдар «Панорама», сонан соң 1992 жылы «Деловая неделя» газеттері шығарылды. Бастапқы кезде экономикалық және сараптамалық материалдар, мәліметтер тек аз ғана топ-ты қызықтырды. Ал экономикалық газеттер ірі және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық бағдар, бизнес-элитаға сапалы және дұрыс ақпарат бере алатын, әлемдік экономика, банк және қаржы мәселелерін түсіне алатын журналис-тер тобының қалыптасуына жол салды. Саяси және идеологиялық бағыт-бағдардың түбегейлі өзгеруі, журналистер тарапынан жедел бетбұрысты талап етті. 1990 жылдардың ортасындағы Қарағанды шахта кеншілерінің шеруі, «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы, кезекті парламет сайлаулары, қоғамның кедейленген бөлігі, жемқорлардың әшкереленуі тәріз-ді оқиғалар республикадағы телеарналардан көрсетіле бастады. Саясатта, экономикада, рухани өмірдегі ақпараттарға демократиялық және гуманистік қағидаттар ықпалы көбейді. Оған биліктің тармақтары, қоғамдық бірлестік-тер мен партиялар, одақтар, кейбір жеке азаматтар да бейімделе бастады. 1990 жылдың басында қазақ теледидары экономикалық және идеоло-гиялық қиыншылықтармен бетпе-бет кездесті. Журналистердің тәжрибесін-де бұрын-соңды кездеспеген сот үдерістері, талаптар, пікірталас мақалалар арқылы жергілікті және республикалық, теледидар мен басылымдар арасын-дағы ақпараттық қақтығыстар басталды. Мемлекеттік теледидар жаңа ақпа-раттық түсірілімдер дайындау ісімен «уақыт алылып» жүргенде, «КТК» «ТАҢ – ТВ» тәрізді коммерциялық телеарналар өз жұмыстарын белсенді түрде жүргізе бастады. Әлеуметтік реформалар, нарық қатынастары, жекешелендіру мәселелеріне арналған тақырыптар ерекше көп көтерілді. Ресей басылымдарының тақырыптары отандық теледидарлардың «негізіне» айнала бастады. Ұлттық тележурналистер қоғамды сілкіндіруге ұмтылғаны- мен, олардың әлеуметтік-саяси рөлі төмен болды. Оған Қазақстанда озық техналогия мен коммуникация құралдарының аздығы ғана емес, ақпараттан-дыру дүрбелеңінің аяқ басуы да себепкер болды. Жаңа әлеуметтік-саяси және нарықтық тәлуелсіз телерадиокомпания-ларды құрылымдық жағынан біріктіруге жәжбүр етті. 1995 жылы Орта Азия-лық тәуелсіз электронды ақпарат құралдарының ассоциациясы құрылды. Оған 12 өзбек телерадио ұйымы, 6 тәжік корпорациясы республиканың 14 облысын біріктірген «Сарыарқа», 63 жеке телерадиокомпания кірді. 1995 жылы суптниктік теледидарды дамытудың үкіметтік бағдарламасы ақпарат-тық дамудың жаңа көкжиектерін анықтады. Ол ИНТЕЛСАТ спутнигі арқылы 50-ге жуық еуропалық,азиаттық, америкалық бағдарламалады қабылдауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты ТМД елдерінің ақпараттық кеңестігін қалпына келтіруге жағдай тудырып, 1992 жылы бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Алматы декларациясының қабылдануы Орта Азиялық тәуелсіз ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы нығайтты. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құрудағы ақпарат құралдарының талпынысы ешқандай қарсы-лыққа ұшыраған жоқ. 1997 жылдан кейін мемлекет нарық заңдарын игеру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қатаң шаралар қол-данды. Бұл кезеңде жаңа басылымдар мен жаңа телеарналар қалыптасып, басылымдардың материалдық-техникалық базасы жақсарды. Басылымдар арасында бәсекелестік ұлғайып, телерадио желілеріне тендерлер ресми түр-де жарияланатын болды. Алайда ақпарат нарығында әле де болса Ресей ақпарат құралдары бағыты күштірек байқалды. Осы жылдары Ресей ақпарат құралдары «қара пиар» тәсілдерін қолдана бастады. Кеңес баспасөзінде болмаған «диффапиция» — жала жабу термині алғаш пайдаланды. Жекешелендіру үрдісі Қазақстанда ірі қаржы топтарын қалыптастырды. Баспасөздің күшін, қажеттілігін сезген олар жаңа басылымдар шығаруға тырысты. «Қазақтелерадио» АҚ мамандармен қолданыстағы және жаңадан енгі-зілген радио-теле тарататын станцияларда 2005 жылы 252 телевизиялық және 55 радиотарататын тартұыштар жөнделді. «Қазақтелерадио» радиотелевизиялық станцияларының телевизияляқ және радиосигналдарын таратуда техникалық сапасын жақсарту үшін 2005 жылы 27 жоғары энергопайдаланатын және пайдалы қуаттың төменгі коэффиценттін ескірген лампалық тартқыштарды хабар таратудың сапасын айтарлықтай арттыратын қазіргі заманғы элементті базасындағы қатты дене-лі тартқыштарға ауыстырды. Халықтық стерефонды FM диапазонындағы радиотартқышпен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ өз қаражаты есебінен 1кВт қуаты әлемдік стандартқа жауап беретін 54 радиохабар таратқыштарды сатып алды, оның 36-ы УКВ диапазонындағы «Држдь-2» ескірген таратқыш-тарды ауыстыруға, 18-і «Шалқар» бағдарламасы бойынша қамтуды кеңейту үшін орнатылды. Депутаттық сұраныстар бойынша – «Қазақтелерадио» АҚ жеке қаражаты есебінен 63 таратқыш іске қосылды.

 

Қазақстан Республикасында 2006 жылы 7 сәуіріне дейін 7092 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, олардың ішінде 2466 БАҚ үнемі жұмыс жасайды. Республика бойынша жұмыс жасап отырған Бұқаралық ақпарат құралдарының саны бойынша Алматы қаласында – 883 (36%), Оңтүстік Қазақстан – 249 (10%), Қарағанды облысында – 200 (8%) ,болып отыр. Республикада қоғамдық-саяси ақпаратпен қатар жарнамалық, ғылыми, әйелдерге,балаларға, жастарға арналған, діни, арнаиы мамандандырылған және өзгеде басылымдар бар. 2006 жылы мерзімді ақпараттық басылымдар үлесі – 50%, қоғамдық-саяси – 16%, ғылыми – 9%, жарнамалық – 10,5%, әйелдерге, балаларға, жастарға арналған және діни – 2% -дан келеді. Масс-медеианың 80%-ын мемлекеттік емес БАҚ құрайды. Өңірлердегі мерзімді баспасөз құралдарының тиражы 1000-нан 3600-ге дейін жетеді.Мысалы оңтүстік өңірде ол 1205 данадан, батыста – 1023, шығыста – 5564, солтүс-тікте – 1735 және орталық өңірде – 3667-іні құрайды. «Қазақтелерадио» АҚ мәліметі бойынша 2006 жылы республикалық арналардың телевизиялық және радиобағдарламалардың таратылу аумағы: «Хабар» — 95,7%, «Қазақстан» — 96,25%, «Ел арна» — 75,5%, «Еуразия — бірінші арнасы» — 78,6%, «Қазақ радиосы» — 86,99%-ды құрады. Сонымен қатар «CaspioNet» ұлттық спутник арнасы Еуропа, Орта Азия, Орталық Шығыс және Африканың солтүстік бөлігіне таралады. Арнаның тұрақты ауди-ториясы 99 миллион көрерменді қамтып отыр. Арна тәулігіне 24 сағат үзіліссіз жұмыс жасайды. Республикалық мемлекеттік тапсырысты орындауды күнделікті жексенбіден басқа күндері тәулігіне бір сағат көлемінде «Қазақстан» республикалық телеарнасы жүзеге асырады. Өңір көлемін кең көлемде көрсету үшін әр филиал облыс орталқтарын-дағы қосымша жеке арналары арқылы хабар таратады. Облыстық телебағдарламалар Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс жасайтын Ұлттық спутниктік телерадиохабартарату желісінің (ҰСТЖ) спутник арналары бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауындағы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдәң қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылығы 1 наурыздағы шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада ғаламдық ақпараттық кеңестікті және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданды. Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері айқындалды. Тұжырымдама 2006 – 2009 жылдарға арналған нысаналы бағдарламалар, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге негіз болды.Қазақстанда облыстық, қалалық және аудандық БАҚ: «Алматы ақшамы», «Вечерный Алматы», «Астана қаласының теледидары», «ЭраТВ» және басқалары жұмыс істейді. Халықтың құрамы, тарихи өткені, дүние-танымы жағынан аумақтардағы аудиоториялардың көрермендері үшін ақпарат тарататын өңірлік БАҚ-тар жұмыс істейді. Жалпыұлттық БАҚ-қа қатысушылар қатарына «Егемен Қазақстан», «Қазастанская правда» сияқты газеттер, «Парасат», «Континент», «Мысль» сияқты журналдар, «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» сияқты телеарналар, «Мир» ХТРА-сы және басқалар жұмыс істейді. БАҚ қызметінің және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс істеуінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік береді. Цензураға тыйым салынған.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin