• 22 ноября, 2024 12:47 дп

ТҮРКІСТАНДА «САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ САБАҚТАРЫ ТАРИХИ ТАНЫМДА ОРНЫҒУЫ КЕРЕК» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Автор:admin

Май 26, 2023

 

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Саяси қуғын-сүргіннің сабақтары тарихи танымда орнығуы керек» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының ұйымдастыруымен және университеттің қолдауымен өткізілді.

Мазмұнды кездесу ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаеваның тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі орынбасарымен бекітілген 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды.

Тағылымды жиынға олыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев модераторлық етті.

Сондай-ақ шараға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының мүшелері Х.Тұрсұн, Д.Кенжетай, Л.Динашева, С.Оразбай, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары мен студенттері, Түркістан, Кентау қалаларындағы мектеп мұғалімдері қатысты.

Жиында белгілі болғандай, Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылып, жұмысына архив қызметкерлерімен қатар, PHD докторлары, профессорлар, кандидаттар мен мүдделі мекеме қызметкерлері тартылған.

Сондай-ақ, облыстағы 17 аудан, қалада тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында облыстық жауапты басқармалар мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары бекітілген. Осы орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Қазіргі таңда «Алаш қозғалысы» және «Халық жады» бағыттары бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Шара барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

Автор: admin