• 27 ноября, 2024 10:48 пп

ТҰРАН АУДАНЫНДА 11 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 16, 2023

2023 жылы Тұран ауданында барлығы 22 көшені жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 11 көшеде құрылыс жұмысы аяқталды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру Шымкент қаламызда жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында осы уақытқа дейін Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр. 2023 жылы Тұран ауданында барлығы 22 көшені жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 11 көшеде құрылыс жұмысы аяқталды.
Олар:
1. Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы)
2. Ақтас т/а орталық көшесі
3. Народовольцев (112-шағын ауданы)
4. Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі
5. Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы
6. Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы)
7. Чехов көшесі
8. Аққыстау (Қазығурт шағын ауданы)
9. Балапан Ата (4 шағын ауданы)
10. Спорт шағын ауданы Ішкі орам көшесі
11. Аққыстау – Құрсай елдімекені
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 11 көшенің құрылысы аяқталатын болады. Олар:
1. Әбдрайымұлы (Самал-1 шағын ауданы)
2. Қойбағаров көшесі
3. Металлист – орталық көше
4. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
5. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
6. Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
7. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
8. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше
9. Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені
10. Таңатар — Құрсай елдімекені
11. Қармақшы – Құрсай елдімекені
Айта кетейік, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, балабақша, емхана және т.б.) қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған.
Тәуелсіздіктің бастапқы даму сатысынан күні бүгінге дейін ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан халқымыз ілкімді істің нақты нәтижесін көрсетті. Мемлекет басшысы тапсырған әлеуметтік экономикалық жобалар мен бағдарламалардың орындалу барысында ел ішінде халықпен етене араласып, көптің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – халқымыздығ болашаққа бағыт алған түпкі мақсаты және темірқазығы.

Jsk ақпарат

Автор: admin