• 27 ноября, 2024 3:52 дп

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Автор:admin

Июл 4, 2024

Ия осы орайда Шымкент қаласы тұрмыстық зорлықтың алдын-алу бағыты бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асырып отырған шаһар. Жалпы  «Отбасы» ұғымы пайда болғаннан бері адамдардың әлеуметтік өмірінде зорлық-зомбылық әлі күнге дейін өзінің құқықтық мәні бойынша кең таралған түсінік болып табылады. Отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбы әлемнің көптеген елдері үшін өзектілігін жоймауда. Жалпы тұрғыда тұрмыстық зорлық-зомбылық — негізгі қоғамдық институттарға, оның ішінде отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін өткір әлеуметтік проблемалардың бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тудыратын себептер белгілі бір әлеуметтік топ, жеке ел тұрғысынан да ерекше болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер әр түрлі елдерге тән отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылықтың жалпы себептерін анықтайды. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық себептерінің арасында «әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен деңгейі, кедейліктің жоғары деңгейі, білімнің төмен деңгейі және демократиялық мәдениеттің болмауы» сияқты себептер жиі кездеседі. Еліміздің Ата Заңы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Осыған орай, тұрмыстық зорлық-қомбылық фактісіне қарсы адамдардың құқықтарының қорғауда болу қажеттігін ҚР Конституциясының бірнеше баптары көздеген. Атап айтқанда, Конституцияның 13-бабына сәйкес «әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы». Ал, Конституцияның 17-бабы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық және ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы тікелей айтады. Сонымен қатар, мемлекет ананы, әкені, баланы қорғау жөніндегі міндеттемені толығымен өзіне алады. Мәселен, ҚР Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әйелдерге қатысты жасалу қаупінің жоғары мәнге ие болуы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялай отырып, әйелдерді мемлекеттік, сондай-ақ, жеке тұлғалар жасайтын зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде өзіне міндеттемелер алуына әкелді. Бұл ҚР Конституциясында және халықаралық құқықтық құжаттарда бекітілген ережелер мен бірқатар нормативтік актілерде нақтыланады. Олар: ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы және т. б. Мұнда әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды реттейтін негізгі баптар мен заңдар келтірілген.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin