• 24 ноября, 2024 12:55 пп

ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ

Автор:admin

Ноя 4, 2022

Шымкент қаласы №129 мектеп ғимаратында «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданының «Сәуле»,«Текесу»,«Береке»,«Химфрам»,«Көркем» және «Ақтас» шағынаудандарының тұрғындары қатысып жатыр.

Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Хандиллаев, аудан әкімі Рашид Мыңбаев және 34 жергілікті атқару органының өкілдері бар.

–«Заң керуені» акциясы 1 қарашадан ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде басталды. Аты айтып тұрғандай бүгіннен бастап көшпелі топ қаладағы елді мекендерді аралап, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес береді. Одан бөлек қала прокуроры мен орынбасарлары күнделікті белгіленген кестеге сай тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі тұрғындарға кеңес беруге қаладағы барлық мекеме бір жерге жұмылуында болып отыр, — деді қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы.

Бүгінгі акцияға 100-ден аса тұрғын келген. Олар инфарқұрылым, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік төлемдер секілді мәселелердің шешімі жөнінде тиісті мамандардан кеңес алды. Акция 4 қарашаға дейін жалғасады.
«Шымкент келбеті»

Автор: admin