• 24 ноября, 2024 4:07 пп

Хабарласыңыз, Сізге міндетті түрде жауап береді!

Автор:admin

Май 18, 2023

Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары

қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтініштіөңдеді

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланысарналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегіең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұлтуралы мына жерден оқи аласыз)

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты дауыстық жәнедауыстық емес байланыс арналары арқылы алумүмкіндігі бар. Мысалы, Қор операторларынан 1418қысқа нөмірі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінбарлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қоңыраушалу тегін және еліміздің кез келген ұялы байланысоператорының телефон нөмірлерінен, сондай-ақ,стационарлық (қалалық) телефоннан қолжетімді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ғана 95 мыңнан астам осындай қоңырау шалулар өңдеуден өтті.

Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегісалымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтіксайтында орналастырылған «Онлайн қоңырау шалу»сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ-ның Қашықтықтан кеңес беру департаментізейнетақы қызметтерін телефон байланысы желісіарқылы ұсынумен қатар, Қордың веб-сайтында немесеБЖЗҚ ұялы қосымшасында орналастырылған дауыссызбайланыс арнасы «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі, Chat2Desk, What’s Aрр, Viber чат, Telegramсияқты виртуалды сервис мессенджері, Facebook, ВКонтакте, Instagram, Тik Tоk әлеуметтік желілеріне берілетін жеке өтініштер, не Қордың enpf@enpf.kzресми электрондық мекенжайы арқылы зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындайтәсілмен 35 мыңға жуық сұраныс өңделді.

         БЖЗҚ өз қызмет түрлерінің тұтынушыға қолжетімділігін одан әрі жақсарта береді. Хабарласыңыз, біз Сізге міндетті түрде жауап береміз!

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақыактивтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kzсайтында).

Автор: admin