• 24 ноября, 2024 7:55 дп

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ЖЕТІ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Автор:admin

Апр 7, 2023

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді. Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады. Бұл жөнінде Қаратау ауданы әкімдігі хабарлады.  Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында — 2, Нұртаста — 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына — 1 спорт алаңы салынады. Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді.  Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер. Халық қатысатын бюджет. Аты айтып тұрғандай, бюджет қаржысының қайда, қанша жұмсалатынына қарапайым халық үлес қоса алады. Бүгінгі күнге дейін «мынша қаржыға несіне осыны жасаған немесе мен болсам мынаны жасар едім» деп күйініп жүрген болсаңыз, ойда жүрген идеяны жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік бар.

Өзіңіз тұратын қаланың қаржысының тиімді жұмсалуына, тіпті бөлінген қаржыға қалалықтар игілігіне қызмет ететін тәуір жобаны ұсына аласыз. Жо-жоқ, ұсынысыңызды өткізу үшін ауызша айтып немесе жаза салмайсыз. Әбден зерттеп, жобасын сызып, қаржылық сметасын шығарып, тиынына дейін есептеп, дәлелдеп ұсынасыз. Алайда мұнымен іс бітпейді. Себебі бюджеттің әр тиынының сұрауы бар. Мұны бюджет қаржысын жұмсауға атсалысып, жүгіріп жүргеніңізде өзіңіз де сезінесіз. Халық қатысатын бюджетке үлес қосу үлкен жауапкершілік екенін түсінесіз. Қаламымызға арқау болған тақырып – «Халық қатысатын бюджет» жобасы. Бүгінде бұл жоба елімізде, тіпті өз қаламызда жүзеге асып жатса да мұны біреу түсініп, біреу түсінбей жүр. Сол себепті жобаның мәнін түсініп алғанымыз жөн.
Мемлекет басшысының «Халық үнін еститін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы өткен жылы барлық қалада жүзеге аса бастады. Мақсат – қаланы көгалдандыру мен дамытуға тұрғындарды қатыстыру. Ережеде атап көрсетілгендей, жоба ұсынудың өз талабы бар. Атап айтқанда, бір өтінім арқылы бір жоба ұсына аласыз. Ұсынған жоба қалалықтардың ортақ игілігіне қызмет ететіндей болу керек. Ұсыныс қаланы көгалдандыру, жаяу жүргінші жолдарын, арық жүйесін салу, пандустарды жөндеу, полигондарды жою, қалалықтарға ортақ демалыс орындарында орындықтар мен урналарды орнату, жөндеу, спорт алаңдарын салу, жарықтандыру, жөндеу секілді жалпыға ортақ игіліктер болуы тиіс.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin