• 25 ноября, 2024 1:45 пп

 

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қараша күні өтетіні белгілі. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда.

Шын мәнінде бұл сайлаудың маңызы зор. Өйткені еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматының белсенділігі көрінсе ғана еліміз алға дамымақ.

Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе бұл науқанның да маңызы арта түспек. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы. Сондықтан саяси маңызы зор шараға қатысып, лайықты таңдау жасау әрбір азаматымыздың құқығы әрі парызы деп білемін.
Ендеше, 20 қараша күні барша қазақстандықтарды елдің ертеңі үшін бірлімігімізді көрсетіп, дауыс беруге, дұрыс қадам жасап, кемел келешекті бірге құруға шақырамын!

Жанар БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты

Автор: admin