• 25 ноября, 2024 2:27 дп

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Автор:admin

Сен 14, 2024

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов осы университеттің студенттері арасында референдумге барып ел дамуы үшін өз таңдауларын жасау мәселесі мен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Студенттерге әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы айтылып, ұлт араздығы мен діни араздықты ушықтыру жағдайларының қолданыстағы заң аясындағы салдары жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың әскери борышты өтеудегі парызы, елжандылық, отансүйгіштік мәселелері туралы кеңінен сөз болды. Сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, іс-шара тиісті деңгейде өткізілді.

Автор: admin