• 28 апреля, 2025 6:59 пп

ШАРДАРАДА ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 28, 2025

Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. Патриоттық шараға қаладағы №16 колледж студенттері қатысты. Басқосу — облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған.
Кездесуге келген ҰОС ардагеріне теңестірілген, ауған соғысының ардагері Б.Сүйінов патриоттық рухты қалыптастыру жөнінде өз пікірін білдірді. Ардагер 1987 жылы №45585 әскери бөлімінде Ауған Демократиялық Республикасында борышын атқарған. Іс-шара соңында соғыс ардагерлеріне түрлі сұрақтар қойылып, тағылымды әңгіме айтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin