Мексиканың Куатемок қаласының мэрі Карлос Тен ерекше эксперимент жасады. Ол нашар киініп, гримм жасап, мүгедектер арбасына отырып, қаланы аралап шыққан. Сөйтіп былайша айтқанда «в шоке» болған.
Әлеуметтік көмек беретін мекеме қызметкерлері оны елемей, көмек алу құжатын толтыруға көмектеспепті. Тек бір қыз ғана оған жаны ашып, түскі ас ретінде желе беріпті. Өзге мекемелер оны қуып, тіпті суда бермеген. Мүгедектерге арналған лифттер жұмыс уақытында жабық тұрған. Қайда барса да, қорлық пен кемсіту көрген.
Ол бұл экспериментке шенеуніктер берген ақпарат пен халықтың айтқан мәліметінің сәйкессіздігінен барыпты. Сөйтіп ақиқатқа көзі жеткен. Эксперименттен кейін біраз адамды жұмыстан шығарып, жұмыс істеу тәртібін өзгертуді және есеп беруді жаңалауды ойластырмақ.
Біздің шенеуніктердің құлағына 999 пробасы бар алтын сырға. Өтірік статистикаға сене бермей, халықтың айтқанына бір құлақ түріп, қойыңдар.
Қуаныш Қуатбек,